

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
257
өлтірілсе, сендер бұрын табынғандарыңа қайта
ораласыңдар ма (қайта кәпір боласыңдар ма
?)
335
.
Барша халық бұл аятты Әбу Бәкірден алғаш рет
естігендей болды. Омар (р.а.) былай дейді: «Аллаһтың
атымен ант етейін, бұл аятты Әбу Бәкірден алғаш
естігендеймін. Ол аятты естір-естімес мән-жайды
түсіндім де толық сендім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қайтыс
болды, буыным босап, жерге отыра кеттім
336
.
104. Жаназасы қалай шығарылған?
Қайтыс болғанда мәйітін жуу үшін ағасы Аббас,
Али ибн Әбу Тәліп, Фадл ибн Аббас, Ұсама ибн Зәйд,
Күшәм және азат еткен құлы Салих бар еді. Бұлармен
қоса, Бәдір соғысына қатысқан ансар Әнас ибн Әбу
Хаул да Алиден қайта-қайта өтініп жуындыруға кірген
еді.
Хазірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
мүбәрак тәнін көйлегінің сыртынан жуып жатты. Аббас,
Фадл, Күшәм Сардарды (с.а.с.) жуындыруға ыңғайлап
ұстап тұрды да, Ұсама мен Салих су құйып тұрды. Сол
кезде хазірет Али: «Әкем мен шешем сенің жолыңда
құрбан болсын, пайғамбарым, тірі күніңде қандай таза
болсаң, көз жұмсаң да сондай тазасың!» – деді.
Хазірет Айша (р.анһа) осыған қатысты мынаны ай-
тады. «Пайғамбарымыздың мәйітін жуу жайлы жұрт
түрлі пікір айта бастады. Үстіндегі киімді шешу керек
пе, жоқ па деп дағдарып тұрғанда барлығының көзі ке-
неттен ілініп кеткендей болды. Сол-ақ екен анадай жер-
ден бір адам көрініп Аллаһ елшісі (с.а.с.) киіммен жу-
ылатынын айтты. Жұрт киімін шешпестен жуындырып
335
«Әли Имран» сүресі, 143-аят.
336
Бұхари.