

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
253
102. Өмірінің соңында нені көбірек
аманаттаған?
Өмірінің соңғы уақыттарында көп ескерткені – на-
маз. Ақтық демі шығар сәтте науқас күйінде сүйретіліп
келіп намазға тұруы арқылы барша мұсылмандарға үлгі
болған. Соңғы сәттерінде
«Намазға абай болыңдар!
Намазға абай болыңдар! Қол астыңдағыларға
әділетсіздік етпеңдер, Аллаһтан қорқыңдар!»
333
дегенін
де білеміз.
Тағы бір ерекше тоқталғаны – кісі ақысы.
Қызметшілеріңе жегендеріңді жегізіп, кигендеріңді
оларға да кигізіңдер, жақсы сөйлесіңдер деп әділдікке
мән берген.
Әйелдерге жақсы қарым-қатынас жасау, сырт-
тан келген елшілерді дұрыстап күту де мұсылманның
негізгі ұстанымы болуға тиіс екендігін айтқан.
103. Өмірінің соңғы күндері қалай өткен?
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да адам баласы болып ту-
ылып, ажалы жеткенде дүние салды, бірақ міндетін
мінсіз атқарып кетті. Өмірінің соңында жер-жерге
елші жөнелтіп, Исламды барша адамзатқа таратып
бақты. Аллаһтың уәде еткен жеңісі мен биігіне жетіп,
жұрттың бәрі топ-тобымен Исламды қабылдап жат-
ты. Тіпті араб түбегі емес, маңайдағы мемлекеттерде
де Исламға төтеп берер дін қалмады. Бағындырылған
жерлерде дінді үйрету тұрғысынан үлкен мұқтаждық
туындады. Мәселелерді шешу үшін Пайғамбарымыз
өзі жетілдірген сахабаларды осы аймақтарға жіберді.
Әр рамазанда он күн иғтиқаф жасайтын. Бұл жылы
жиырма күн иғтиқафқа кірді. Жыл сайын бұл уақытта
333
Ибн Мажә, Уасия, 1.