Previous Page  254 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

254

Құранды Жәбірейілден толығымен тыңдайтын, бұл

жылы екі рет толығымен хатым еттірді және де соңғы

қажылығында қажылықтың рәсімдерін үйретіп жатып,

«жақсылап үйреніп алыңдар, биылдан кейін қажылыққа

келер-келмесім екіталай» деген еді. Ұхұд шейіттерін

зиярат етіп оларға көп-көп дұға етті.

Мұнымен қатар кей жерлерде пайда болған

бүліктерді тоқтату үшін қол жасақталып, қолбасшы етіп

Ұсама ибн Зәйд таңдалды. Мұны естігенде мұнафықтар

қарсы шығып, аңдаусызда өздерінің бет перделерін

ашып алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жұрттың бәрін жи-

нап Зәйдтің бұл іске лайық екенін айтты. Ақырында,

ансарлар мен мұхажирлер болып тегіс соғысқа шығуға

дайындалды, бірақ сол кезде Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) денсаулығы сыр беріп, әскер Мәдинаның сыр-

тында аялдай тұрды.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бас ауруы күннен күнге

асқына берді. Ақыры төсек тартып жатып қалды да,

жұбайларынан сұраныпАйша анамыздың үйіне біржола

көшті. Анда-санда есінен танып, жанындағылар үстіне

салқын су төккенде ғана ес жинайтын. Ауырғанын басу

үшін басын таңып алды. Намаз оқытып, жұртқа уағыз

айтқаннан кейін, Ұхұд шейіттеріне ұзақ дұға етті. Со-

сын

«Аллаһ тағала құлына дүние мен Өзінің құзырын

таңдауды еркіне берді. Құлы Раббысының құзырын

таңдады

», – деді. Мұны естіп, сөздің төркінін ұға

қойған досы Әбу Бәкір (р.а.) жылап жіберді.

Жүруге шамасы келіп тұрғанда мешітке келіп на-

мазды атқарып жүрді. Ең соңғы оқытқан намазы

ақшам намазы еді. Басын таңып алып ақырғы намазда

«Мүрсалат» сүресін оқыды. Түн батқаннан кейін «Намаз

уақыты кірді ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Бәрі сізді

күтіп отыр», – деп жауап берді. Жуынып мешітке жүре