

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
255
бергенде тағы да талықсып кетті. Есін жиғаннан кейін
«Намаз уақыты кірді ме?» – деп екінші мәрте сұрады.
Жұрт бағанағы сөзді қайталады. Бой дәретін жаңалап,
жүре бергенде қайта талып қалды. Есін жиды да на-
маз уақытын сұрады. Тағы да жаңағы жауап берілді.
Үшінші рет мүбәрак денесіне су төккізіп, жамағатқа на-
мазды Әбу Бәкір оқытуын тапсырды. Біле білген адамға
бұл өте үлкен жауапкершілік. Айша анамыз әкесіне бұл
жауапкершіліктің ауыр тиетінін айтқанда, Аллаһ елшісі
(с.а.с.) жоғарыдағы сөзін қайталады да, жұртқа қарап
былай деді:
«Уа, халайық, маған ең жақының – Әбу
Бәкір. Егер жақын дос таңдар болсам, Әбу Бәкірді
таңдар едім. Әбу Бәкірдің есігінен басқа мешітке
қарай ашылған барлық есік жабылсын. Мен сендерді
ақиреттегі Ислам байрағының астында күтемін.
Қазірдің өзінде хауызымды көріп тұрмын. Негізінен
маған жер бетінің кілті берілген. Аллаһтың атымен
ант етейін, сендердің қайта мүшрік болуларыңнан
емес, дүниеге беріліп бір-біріңмен жауласуларыңнан
қорқамын
», – деді. Бұл кезде ауруы басылып, басы қоя
бастаған. Ол кісінің намазға келгенін сезген Әбу Бәкір
намаздағы имамдықты Аллаһ елшісіне ұсынғысы келіп
кері шегіне бергенде, қолымен ишара етіп намазды
жалғастыруды бұйырды. Өзі Әбу Бәкірдің артында оты-
рып әрі оған ұйып, намаз оқыды.
Дүйсенбі күні, ақиретке аттанатын күні, жүрегінде
тыныштық, жанында рақат бар еді. Таң ата терезеден
мешітке қарағанда жұрттың таң намазын оқығалы
жатқанын көрді. Сыртқа көз тастап жүзінен жылылық
білінді. Бұл сахабаларының парасат Падишасын (с.а.с.)
соңғы көруі еді.
Рабиул-әууәл айының он екісі, дүйсенбі күні, түстен
кейінгі уақытта, мүбәрак басын Айша анамыздың