Previous Page  251 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 251 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

251

жиһадқа шыққандарды да азғыратын. Ұхұд соғысында

майдан алаңын тастап тым-тырақай қашқаны тарихта

жазулы және осындай істі неге істегенін сұрағанда ай-

татын сылтаулары да таусылмайтын.

Іштен яһудилердің, сырттан мүшріктердің қысымы

артып Хандақ соғысы басталған кезде мұнафықтар

тағы да баяғы әніне басып, түрлі сылтау айтып тарап-

тарап кеткен еді.

Құран кәрім олардың кейбірін ашық айыпта-

ды. Аллаһ расулы (с.а.с.) оларды дінінен тайған

мүртәдтардың қатарына қоспай, мұсылман деп санаған.

Аллаһтың мұнафықтар жайлы айтқан үкімі жалпы үкім,

белгілі бір адамдарға қатысты емес. Түсу мақсаты –

оларды ескерту, тәубеге шақыру. Шынында, Құранның

ескертулерінен кейін көбі тәубе етті, өйткені олар бұл

аяттардың Аллаһтан екенін жақсы білетін.

Тоқсан ауыз сөзді түйіндей айтқанда, Мәдинадағы

екіжүзділік сол кезде Исламның қаны сорғалап тұрған

мәселелерінің бірі болған. Мұнафықтар реті кел-

генде мұсылмандарға тасадан тас лақтырып жатса,

мұсылмандар өз араларынан орын беріп, екіжүзділігін

бетіне баспай, жақсылық жасауын жалғастырды.

101. Қоштасу құтбасында қай

тақырыптарға ерекше тоқталған?

Қоштасу қажылығында адам құқықтарына,

жаһандық әрі өзгермейтінжалпықағидаларға тоқталған.

Бұл кездесуден кейін, осы араға қайта келмеуінің бек

мүмкін екенін айтып, адамдардың қай ұлттан, қай

діннен болса да жандары мен малдарының бір-біріне ха-

рам екенін, жан мен малға қол сұғылмаудың Исламдағы

негізгі қағида екенін айтқан.