Previous Page  248 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 248 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

248

Мұсылмандар Мәдинаға көшкенде яһудилердің

зығырданы қайнаған. Қайткен күнде де қанат жайып

келе жатқан Исламды тоқтатып, Пайғамбарымызды

(с.а.с.) өлтіру олардың күн тәртібіндегі бірінші мәселеге

айналды. Алда-жалда мұсылмандар біреулермен

соғыса қалса, яһудилер дереу қарсы жаққа көмек беріп,

қырғи-қабақ соғысқа көшті. Құран аян еткен осындай

соғыстардың бірі Хандақ шайқасы еді. Күннен күнге

өрши берген жаулықтан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.)

яһудилерге барып, оларды отырған жерінен қуып

шықты.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұрттың бәріне деген

мейірімін кезі келгенде яһудилер де пайдаланды, бірақ

жақсылыққа жамандық жасағандарды Пайғамбарымыз

(с.а.с.) да лайықты жазалай білді.

Христиандарға келер болсақ, олардың кейбірі Ис-

ламды қабылдаса, кейбірі яһудилер секілді ерегісе түсті.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) христиан мемлекеттеріне де хат

жолдап Исламға шақырды. Олардың кейбірі Исламды

қабылдады, кейбірі қабылдамады, бірақ ақыр аяғында

араб түбегі тұтастай мұсылмандықты қабылдап, Ислам

діні өзінің гүлдену дәуірін бастады.

100. Мұнафықтармен ара қатынасы

қандай еді?

Араб тіліндегі мұнафық сөзі «нәфақ» түбірінен

шыққан. Оның мағынасы «көртышқанның іні» дегенді

білдіреді. Қалайша көртышқан інінің бір тесігінен

кіріп, екінші тесігінен шығатын болса, мұнафық та

Исламның бір жағынан кіріп, екінші жағынан шықпақ.

Олар – күпірін жұрттан жасырып, өзін мұсылманмын

деп айтатын адамдар.