

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
246
Мүшріктер мұсылмандарды һижреттен кейін де ты-
ныш қоймады. Ақырында, арада Бәдір, Ұхұд, Хандақ
сынды шайқастар орын алды. Соңында Һудайбия
келісімі жасалып, тарихта қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған бейбіт күндер басталды, бірақ бұл
күндер көпке созылмады. Белгілі бір уақыттан кейін
мүшріктер келісімді бұзып, баяғы таз қалыптарына
қайта түсті.
Һижреттің алтыншы жылы болатын. Һудайбиядағы
келісімді
бұзып,
мүшріктер
мұсылмандардың
бір одақтас тайпасына басып кіреді. Осы кезде
Пайғамбарымыз (с.а.с.) он мың адамдық қолды Мекке-
ге аттандырады. Қарсы тұрар дәрмен жоқ, меккеліктер
сол жерде беріледі. Мұсылмандар Қағбаны жеті рет та-
уап етіп, қасиетті орынды пұттардан тазартады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды насихаттағанда
мүшріктерге
барынша
жұмсақтық
танытып,
мейірімнен, кешірімнен танбады. Меккенің алыну-
ымен мұсылмандар мен мүшріктер арасында саяси
байланыс дейтін ұғым жойылды. Мүшріктер Меккеде
болмағанымен, Арабияның басқа да жерлерінде өмір
сүре берді. Барлық мүшріктерді түгел қамтыған және
мұсылмандардың олармен қалай қатынасу керек екенін
бекіткен соңғы үкім һижреттің тоғызыншы жылы түсті.
Бізге жеткен деректерге қарасақ, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) һижреттің тоғызыншы жылы Тәбук соғысынан
қайтқанда, хазірет Әбу Бәкірді жанына бірнеше адам-
ды қосып қажылыққа жібереді. Олар Мәдинадан
шыққаны сол еді, мүшріктермен қарым-қатынас туралы
айтылған «Бәра» сүресі түседі. Осы аяттардың астарын
меккеліктерге ұқтыру үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу
Бәкірдің артынан Алиді (р.а.) аттандырады. Хазірет