

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
247
Али (р.а.) қажылық күндері осы сүренің алғашқы отыз-
қырық аятын меккеліктерге оқып береді.
Бұл соңғы үкім меккеліктердің кейбір жаман
әдеттерін тыйып, Қағбаға тауап етіп ғибадат жасауды
қайта қалпына келтірді. Мұсылмандардың мүшріктерге
қойған осы бір талабын зорлық деп түсіну дұрыс емес,
өйткені бұл биліктің халыққа қатысты шығарған заңы
іспеттес.
Мүшріктердің көпшілігі ендігі дәуреннің Ислам-
да екенін түсініп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу
қажылығында иман етті.
99. Расулаллаһтың (с.а.с.) кітап иелерімен
байланысы қандай болған?
ХазіретМұхаммедМұстафа(с.а.с.)пайғамбарлықтан
бұрын Шам, Йемен, шығыс Арабияға жасаған са-
яхаттарында кейбір кітап иелерімен ұшырасқан,
бірақ кездейсоқ ұшырасып қалғаны болмаса, олар-
мен әдейілеп әңгімелесіп, дін тақырыбында ештеңе
қозғамаған. Құран аяттары кітап иелерімен байланы-
сын сөз қылғанда, олардың тәухидті қате түсінетінін
айыптап, Пайғамбарымызға тәухидті түсіндіруді
жүктеп, діндердің ортақ тұстарын сөз еткен, бірақ олар
Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенбегендерімен қоймай, сен-
ген мұсылмандардың да көкейіне күмән салуға, Ислам-
нан алыстатуға тырысатын. Яһудилер мүшріктермен
ауыз жаласа отырып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) қар
астынан қақпан құрып, небір сұмпайы сұрақтар қойып,
тығырыққа тіреуге тырысатын. Мұсылмандардың
Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген сеніміне селкеу
түсірмекке әрекеттенетін. Жұмсақ сөйлескен болып,
кей кездері наразылықтарын орынды етіп көрсетпек
болатын.