Previous Page  244 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 244 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

244

қызықтырмақ болады. «Алдыңа үйір-үйір жылқы мен

келе-келе түйе салып берейік, билік тізгінін қолыңа ал,

қалаған қызыңа құда түсейік, сен тек мына ісіңді доғар»,

– дейді. Адамзатқа дүниені ақиреттен жоғары санамау-

ды үндеп жүрген елшіге мына ұсынысты айтып отырған

мүшріктерде де ақыл жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сон-

да дінге қызмет етем деген адамға өмірлік ұстаным

болар мына екі-ақ ауыз сөзді айтып мүшріктерге жа-

уап береді:

«Бір қолыма күнді, бір қолыма айды алып

берсеңдер де бұл ісімнен бас тартпаймын

».

Ақырында амалдары құрып Пайғамбарымыздан

(с.а.с.) көктен бір періштенің түсуін, Меккенің

маңындағы таулардың жоғалып, орнына өзені бар ну

жынысты жер болуын, сүйегі әлдеқашан шіріп кет-

кен ата-бабаларының қайта тірілуін сұрап, тығырыққа

тіремекболған. ОсыменшектелмейАллаһ елшісіненбұл

Құраннан басқа жаңа Құран түсуін немесе өзгертілуін,

тіпті бірден толық түсуін талап еткен. Аллаһтың

сөзін бұрынғы халықтардың аңыз-әңгімелері, кісі сөзі

екенін, ойдан шығарылғанын айтқан және өздерінің де

ондай өлеңді оқи алатындарын айтудан тайынбаған.

Осыған қатысты Құранда олар бұл қасиетті кітаптың

бір сүресіне, тіпті бір аятына да ұқсасын шығара ал-

майтыны, адам мен жындар жиналса да қолдарынан

келмейтіндігі айтылады.

Құрайыш жуандары тек мазақ қылып, қырсығып

қана қоймай, реті келгенде тізе батырып отыратын.

Мұсылмандарды діннен күштеп бас тартқызбаққа

тырысты. Тіпті кей мұсылмандар Мәдинаға кет-

кеннен кейін де мүшріктердің езгісінен құтыла

алмаған. Тек һижреттің сегізінші жылынан кейін ғана

еркін тыныстауға мүмкіндік туды. Аяусыз зорлық-

зомбылықтың көрінісі ретінде бірінші және екінші Ха-