

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
245
башстан көші мен Мәдинаға үдере көшу тарихта орын
тепті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Тайфқа барғандағы
көрген қорлығы да сол заманның ащы шындығы.
Мүшріктер
Пайғамбарымыздан
(с.а.с.)
ба-
стап барлық мұсылмандарға ата жауындай өшікті.
Құрайыштың Ясир деген кісісін әйелімен бірге екі
аяғын екі түйеге байлап тірідей екіге бөлген. Алды-
мен әйелі Сүмәяны, артынша Ясирдің өзін. Бұл екеуі
Исламның алғашқы шейіті еді. Бұлардың артында ер
жеткен мұсылман болған Аммар есімді ұлы қалды.
Мұсылмандар осы сынды қаскүнемдікті көзбен көріп
жүріп, өз ажалым қашан келеді екен деп, шыбын жа-
нын шүберекке түйіп келді. Мұсылмандардың бірі
Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, жағдайдың қиын
екенін айтып, Аллаһтан дұға тілеуін өтінеді. Сонда
Расулаллаһ:
«Аллаһқа ант етейін, сендерден бұрынғы
үмбеттер бұдан да зорын көрген. Арамен тірідей екіге
бөлінгендері де болған. Еттері сүйектерінен ажы-
ратылып жатқанда да дінінен қайтпаған. Аллаһ бұл
дінді өз биігіне жеткізеді, бірақ сендер асығасыңдар.
Күндердің күнінде Хирадан Хадрамутқа жалғыз жол
тартқан әйел жабайы аңнан басқа ештеңеден де
қорықпай кете беретін бейбіт заман туады»
330
, –
деп
сүйіншілейді.
Һижреттен кейін ғана Аллаһ расулының (с.а.с.)
мүшріктермен де, басқа дін өкілдерімен де саяси әрі
дипломатиялық байланысы басталған, өйткені Мекке
кезеңіндешекара менмемлекет ұғымыболмағандықтан,
мұсылмандар өз алдына жеке ел ретінде танылмаған.
Мекке жеке қала еді, билік мүшріктердің қолында
тұрды. Меккеде Исламның ең қиын кезеңінің болғаны
да осы себепті.
330
Бұхари, 25.