Previous Page  242 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 242 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

242

Шама келгенше мәселені бейбіт жолмен қан төкпей

шешуге тырысатын. Құран да оған

«Егер олар сөзге

келетін болса, сен де келіс. Аллаһқа тәуекел ет»

деп

пәрмен берген. Барлық істің алдын алып, сақтық жаса,

бірақ Аллаһқа тәуекел етуді де ұмытпа дегендей.

97. Аз уақытта осындай үлкен

жетістіктерге жетуінің сыры неде?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте ұшқыр ойлап, жылдам

шешім қабылдайтын. Ешбір ісі сәтсіздікке ұшыраған

емес. Ұхұд пен Хүнәйінде жеңіліп тұрған жерінен

әскеріне жеңіс сыйлай білгені ешбір қолбасшының үш

ұйықтаса түсіне кірмеген. Бойында сарқылмас жігер

бар, жаратылысынан ер мінезді еді. Жалғыз өзі әлемді

өзгертуге бел буып, Аллаһқа арқа сүйейтін. Ел ішіндегі

жекелеген адамдар да, іргеге келіп ат ойнатып тұрған

қалың қол да оны мүлде састырмайтын. Кейде соғыс

барысында әскер ыдырай бастағанда, жалғыз өзі жау-

ынгерлерге рух беріп, алға ұмтылатын. Мұны көрген

сахабалардың да үміті қайта жанданатын.

Елді бұрын-соңды ондай адам басқарған емес. Кей-

де уақыттан тәуелсіз кетіп, болашақты болжап отыра-

тын. Бойында сенімсіздік кездеспеген. Сахабалардың

әрбірі «Пайғамбарымыздың ең жақсы көретін ада-

мы мен екенмін» деп сенімді түрде ойлайтынындай

жұрттың бәріне мейірімді еді.

Қанша қиындық көрсе де жасымаған. Жалғыз

өзі жүріп Аллаһты түсіндіру керек болғанда да сары

уайымға салынбай, мүжілмей, істі аяғына дейін абы-

роймен алып шыққан.

Меккеде дінді алғаш жая бастағанда өзін-өзі

қалай ұстаса, қоштасу құтбасында жүз мыңдай нөпір

халық аузына қарап тұрғанда да сол әуелгі қалпынан