

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
238
шыққандарды өлтіру болғанда мұндай ұсынысты
қабылдамас еді. Кейбір яһудилер «егістік алқабындағы
диқаншылық жұмысты жақсы меңгергенбіз. Сендерге
бағына отырып, осы жұмысымызды жалғастыра бер-
сек», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға жылдық
табыстыңжартыбөлігінмұсылмандарға берушартымен
келісім береді де: «Бірақ өзімшілдікке салынбаңдар, біз
қалаған уақытта сендерді бұл жерден шығара аламыз»,
– деп ескертті.
Меккені азат ету: Һудайбия келісімі бойынша
мұсылмандар мен мүшріктер он жыл соғыспауға
келіскен. Соның негізінде, өзге ру-тайпалар қалаулары
бойынша мұсылмандарға немесе құрайыштарға
қосылуды таңдай алатын. Атам заманнан бір-біріне
өштесіп келе жатқан Хуза мен Бәни Бәкір тайпасы бір
жақта болуы мүмкін емес еді, сондықтан осы құқықты
пайдалана отырып Хузаға тайпасы Расулаллаһтың
қарамағына, ал Бәни Бәкірлер мүшріктердің тарапына
өтеді. Бәни Бәкірліктер болмашы бір себеппен Хузаға
руына шабуыл жасап, олардың 23 адамын өлтіріп
кетеді. Хузағалар Мәдинаға келіп, Расулаллаһты
болған бассыздықтан хабардар етеді. Пайғамбарымыз
реніш білдіріп, Хузағалықтарға басу айтып, қалай
да көмектесуге уәде беріп қайтарады. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) мәселенің байыбына барғанды мақұл көріп,
мүшріктерге шартты хат жолдады: «Хузағалықтардан
өлгендердің құнын төлеңдер, не болмаса Бәни Бәкір
тайпасымен ортақтастықтан бас тартыңдар. Екеуінен
бірін орындамаған жағдайда Һудайбия келісімін
бұзғандықтарыңды, сендерге соғыс ашуға мәжбүр
екенімді білдіремін» делінді. Өркөкіректенген өзімшіл
құрайыштар Пайғамбарымыздың бастапқы екі шартын
да қабылдамайды. Келісімді бұзу арқылы бірінші бо-