

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
233
сатқан қарақшымен, жалдаған жұмысшысына еңбегін
төлемеген адаммен»
325
деген.
94. Табиғатты қорғау, жан-жануарларға
зиян тигізбеу туралы не айтқан?
Күллі жаратылысқа рақым нұры болып келген
Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоршаған ортаны қорғау ісін де
назардан тыс қалдырмаған. Құранда жазылған барлық
мақұлықтың Аллаһ тағаланы зікір етіп тұратынын оқи
отырып қалайша қоршаған ортаны қамқорлығына ал-
масын? Оның үстіне сол қасиетті Құранның бірнеше
сүрелері «Бақара» (сиыр), «Нәмл» (құмырсқа),
«Нахл» (ара), «Әнкабут» (өрмекші), «Фил» (піл) деген
жануарлардың атымен аталған.
Ағаш егудің садақаға жататынын айтып,
Мәдинаның айналасына ағаш отырғызуды, ағаш кес-
се орнына жаңасын егуді, соғыста ағаш сындырмау-
ды міндеттеген. Қағбаның маңайы «харам аумағы»
деп танылып, ол жерде өсімдік пен жануарлардың
ешқайсысына тиісуге болмайтынын айтқан. Хайуандар-
ды бір-бірімен төбелестіріп, таластыруын тыйып, жа-
нуарларды қинағандарды лағынеттеген. Шөлдеген итке
кебісімен су берген әйелдің жұмаққа кіріп, мысықты
аш қамап қойған әйелдің тозақтық болғанын айтқан.
Бір шайқастан қайтып келе жатқанда жанындағы
сахабалары құс ұясын тауып алып, балапандарын қолға
алып қызықтай бастайды. Құс екеш құс та өз ұясын
қорғайды емес пе? Балапандарына қауіп төнгенін көрген
аналық құс шыр-шыр етіп төбелерінен айналып ұшып
325
Бұхари, Ижара 12, 15