Previous Page  231 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 231 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

231

һинди»

321

ағашының шырынын тамызу керектігін

айтқан. Сахабалар осы секілді көптеген ауру балаларды

Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкеліп, емдеткен.

Денсаулыққа зияны орасан ішімдік ішуге,

өлексемен қоректенуге, доңыз етін жеуге қатаң тыйым

салған. Ауруларды жұқтыратын микробтардан ерекше

қорғанып, дәретхана тазалығы, тамақтан бұрын және

кейін қол жууды, жиі-жиі дәрет алуды насихат етіп,

су ішкенде ыдысқа үрлеуге тыйым салған. Зинаның

күнә болуымен қатар денсаулыққа да өте қауіптілігін

ескертіп, мұны да пышақ кесті тыйған. Оның орнына

ораза ұстауды, суға шомылып, ат ойындарымен айна-

лысуды үйреткен. Бұл – біздің қазір насихаттап жүрген

салауатты өмір салтының бір қыры.

93. Адал еңбек ету туралы не айтқан?

Исламда мұсылмандық құлшылықтарын орындаған

адамның жасаған еңбегі сауапқа айналып, жұмысы

қасиетті саналады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «

Ешкім

де өзінің маңдай терімен тапқаннан артық дүние

таппаған

», – деп, Дәуіт пайғамбарды мысал еткен

322

.

Отбасының нәпақасын табу мақсатымен далаға шыққан

жанның Аллаһ жолында жүргенмен тең екендігі

айтылған. Сол сияқты ешкімге күнін қаратпау үшін тер

төккен кісінің әр қимылы ғибадат болып есептелетіні

де бар.

Бірде хазірет Муазбен қол алып амандасқанда

күстенген қолын ұстап тұрып, «Қолдарың қандай

қатты еді?» – дегенде, «Бәрі де бала-шағаның қамы

ғой, расулаллаһ», – дейді Муаз. Сонда Пайғамбарымыз

321

Ағаштың аты. Ағылшын тілінде «Aquilaria malaccensis» деп

аталады.

322

Ибн Мажә, Тижарет, 1.