Previous Page  235 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 235 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

235

соғысуғаАллаһтан рұқсат келмегендіктеншыдап бақты.

Мұсылмандардың ұстанымы «таспен ұрғанды аспен

ұру» болып, адамдардың көңілін Исламға жылытуға ты-

рысты. Соңында һижреттен кейін дұшпандарына қарсы

тұруға, соғысуға Аллаһтан аят түсіп, рұқсат берілді.

Бұл соғыстың өзі біреуге жасалған қоқан-лоққы не-

месе дүниеге үстемдік ету үшін талас емес, керісінше,

әлемге мейірімді жаю үшін озбырлыққа қарсы тұру еді.

Барлық ісін хикметпен істейтіндіктен, Аллаһ елшісі

(с.а.с.) қатысқан соғыстардың өзіндік себептері жоқ

емес.

Олардың бірнешеуіне тоқталайық.

Бәдір соғысының болу себебі: Мұсылмандар

Меккеден көшкенде олардың артта қалған дүние-

мүліктерін Мекке мүшріктері талан-таражға салып, то-

нап, жылдар бойы жинап-тергендерін жоқ етті. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) Меккеде қалып кеткен сахабаларының

мал-мүліктерінің орнына осы керуенді қолға түсіру

керек деп жариялады. Сахабалардың кейбіреуі мұны

құптады, кейбіреулері бұған мән бермеді, өйткені

олар қалған дүниелері үшін соғысамыз деп ойламаған

еді. Алайда әділетсіздікті, біреудің мал-мүлкін талан-

таражға салуды жаны жақтырмайтын Пайғамбарымыз

(с.а.с.) Аллаһтың рұқсатымен осы іске бел буды.

Ұхұд соғысының болу себебі: Бәдір соғысынан

қашып құтылған Құрайыштар, өлген туысқандарының

кегін алу үшін қайта қол жинап соғыс ашты.

Пайғамбарымыз қорғану үшін Мәдинаның сыртына,

Ұхұд тауының маңында оларды күтіп алып сол жерде

төтеп берді.

Надыр тайпасына соғыс ашу себебі: яһудилік На-

дыр тайпасы мұсылмандармен арадағы келісімшартты

бұзды. Ол келісімде: Исламға, мұсылмандарға қарсы