Previous Page  237 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 237 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

237

кездері Мекке мүшріктерінің Мәдинаға шабуыл жасауы

үшін демеу берген осы Хайбарлықтар еді. Хайбарлық

яһудилер өзге мүшріктерге де уәде етіп, Мәдинаға ша-

буыл жасағандарға көп мөлшерде мал-пұл бермекші

болып, мұсылмандарға қарсы айдап салған. Хандақ

соғысынан Мәдинаны ала алмағандықтан тағы да

бірнеше яһудилерді жинап, (Тайма, Федек, Уадил-

Құра яһудилерімен келісіп) күтпеген сәтте шабуыл

жасамаққа бекінді. Ғатафандықтармен жолығып, олар-

ды да сапына қосып алды. Бұл жағдайлардың барлығын

біліп отырған Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларды жи-

нап жорыққа аттанды.

Хайбар жерін азат етуге бара жатып, жолда тоқтап

Аллаһелшісі(с.а.с.):«Уа,көкпеноныңастындағылардың

Раббы! Уа, жер мен оның үстіндегілердің Раббы!

Уа, шайтан мен оның адастырғандарының Раб-

бы! Уа, жел мен оның ұшырғандарының Раббы,

Аллаһ тағалам! Біз сенен осы өлкенің жақсылығын,

халықтың жақсы болғанын қалаймыз. Осы өлке мен

халқының жаманшылығынан бізді сақта!» – деп дұға

еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алиге (р.а.): «Олардың

қамалына кіргеннен кейін алдымен Исламға шақыр,

Аллаһтың үкімдерінен хабардар ет. Мынаны жақсылап

біліп ал, бір адамның дұрыс жолды табуына себепші

болу мыңдаған қызыл түйені Аллаһ үшін құрбан

қылудан артық», – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хайбарды азат еткеннен

кейін ешкімді жазалауды мақсат етпеген. Қамал алы-

нып, қарсыластар берілгеннен кейін, Пайғамбарымызға

(с.а.с.) хайбарлықтар мал-мүліктерін алып бұл жерден

кететіндіктерін, соғысқа қатысқандарды өлтірмеуін

ұсынады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұсыныстарын қабыл

етеді. Ислам дінінде басты мақсат елді тонау, қарсы