Previous Page  243 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 243 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

243

өзгермейтін, өйткені оның іс-әрекеті көрер көзге емес,

Аллаһтың разылығы үшін жасалатын.

Аллаһ елшісі үшін соғысу мұрат емес, амалы

таусылғанда қолданған шарасы ғана. Оның әрбір істі

алдымен жоспарлауы – күллі жетістігінің негізі десек

қателеспейміз. Ақылдасу да ол үшін өте маңызды еді.

Уақыттың қадірін жақсы біліп, ысырап етпей орын-

ды қолданатын. Мысалы, Хандақта уақытты соза-соза

қыс түсіп, ақырында Меккеліктер сол жерден кетуге

мәжбүр болған. Майдан алаңын тастай қашу сахабалар-

да ешқашан орын алған емес.

Сахабаларының мәселелерін шешуге әрдайым дай-

ын тұратын. Ең бастысы, айтқанын бірінші болып өзі

істейтін.

98. Мүшріктермен қарым-қатынасы

қандай болды?

Пайғамбарлықтан бұрын мүшріктермен ешқандай

сөзге келіп қалғаны айтылмайды, керісінше, жалпақ

ағайын жақын тартып, «сенімді Мұхаммед» деп атаған.

Шешімін таба алмаған мәселелерін айтып, берген

үкімге разы болып тарасатын. Мүшріктердің ашықтан-

ашық жаулық етуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оларды

Исламға шақыруымен басталған.

Мүшріктер пайғамбарлықты тек байларға ғана

қонатын қасиет деп ұққан болса керек. Аллаһтың ал-

дында байлықтың бес тиындық құны жоқ екенін қайдан

білсін?!

Олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дағуасынан се-

кем ала бастады, өйткені күн санап мұсылмандардың

қарасы көбейе түсті. Бастарындағы бес күндік бақтың

бүгін болмаса ертең таятынын сезіп Исламның тара-

уынан қорқып, Пайғамбарымызды (с.а.с.) дүниемен