Previous Page  249 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

249

Кез келген идеология, пікір мен көзқарас немесе са-

ясат заманға үстемдік құра бастаған кезде, екіжүзділік

шығады. Бұл қалыпты да. Екіжүзділік Меккеде қорлық

пен азап көріп жүрген күндерде емес, мұсылмандардың

күшейе түскен кезі Мәдинада алғаш көрініс бере ба-

стады. Меккеде, керісінше, иман еткендер иманын жа-

сырын ұстауға тырысатын, өйткені ол кезде мұсылман

мүшріктер тарапынан таяқ пен жұдырыққа көнуі бір

басқа, қоғамнан шеттетіліп, адамдармен жөнді арала-

са да алмас еді. Оған тарихта Пайғамбарымызға (с.а.с.)

қарсы жасалған тығырыққа тіреу (байкот) мысал.

Ал Мәдинада жағдай мүлде басқаша сипат

алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) һижрет етпей тұрып

Мәдинадан Әус пен Хазраж сынды одақтас тайпалар

жауапкершілікті мойындарына алып, Исламның таралу-

ына жағдай жасап, мұсылмандарға қорған болды. Осы

жерде Исламның жаңа бір асуды бағындырғанын көз

көрді, бірақ мұнафықтар мұһажирлер мен ансарлардың

қалың күшінен ығып, ашық жаулық ете алмады.

Ақырында, қырғи-қабақ жасырын жаулыққа көшті.

Сырттай мұсылман көрініп, пиғылдары мүлдем кереғар

еді. Пайда болған мұнафықтар мұсылмандарды біріне-

бірін айдап салып, араларына от тастауды көздеді.

Мұсылмандардың күшейгенін көрген дұшпандарының

ойлап тауып жүрген амалы – жансыз жіберу арқылы

іштей құрту болды.

Мұнафықтар сырттай мұсылманның істегенін

істеп, солардың жүріс-тұрысын қайталап жүргендіктен

шеттетілмей, Ұлы Хакимнің хикметімен дүниеде

мұсылман болып санала берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)

да оларды біле тұра бөліп-жармады. Мұнафықтар

мұсылмандармен жүргенде өздерін иман еткен адам-

ша ұстап, кәпірлермен жолыққанда бет-перделері