

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
250
түріліп, шын бейнелері көрінетін. Құранда
«Олар
иман еткендерді көргенде «біз де иман келтірдік»
дейді, бірақ шайтандарымен оңаша қалғанда «Біз
сендермен біргеміз
», – дейді»
331
делінген мұнафықтар
ешқашан екіжүзділіктен танбады. Сырт көзбен
қарағанда құдды Аллаһ үшін отқа салсаң да қыңқ
етпейтіндей сыңай байқататын. Құранда мұнафықтар
жайлы
«Кей адамдардың дүние тіршілігі турасын-
да сөйлеген сөзі сені таңдандырады. Бөтен ни-
етте емес екенін айтып, оған Аллаһты куә етеді.
Шындығында, олар барып тұрған өтірікшілер»
332
деп сипаттаған. Мұнафықтардың қаупінің үлкендігі
болса керек, Құранда арнайы «Мұнафиқун» деген ат-
пен сүре түскен.
Екіжүзділердің Пайғамбарымызға (с.а.с.) құрған
тұзақтарының бірі һижрет кезінде салған мешіттерінің
жанынан тағы бір мешіт салуы еді. Осыдан-ақ
мұсылмандардың арасына іріткі салу мақсаттары
менмұндалап көрінеді. Олар мешітті бітіргеннен кейін
Расулаллаһтың (с.а.с.) сол жерге келіп намаз оқуын
сұрады. Ондағы ойы – Пайғамбарымызды (с.а.с.) осы
жерде намаз оқыта отырып мешітті үлкен мәнге ие қылу.
Пайғамбарымыз бұл ұсынысты кейінге қалдырады.
Сөйтіп жүргенде уахи келіп, бұл мешіттің иманды жою
үшін салынғаны ашық айтылды. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
бірнеше сахабаны жіберіп мұнафықтардың мешітін
бұздырып тастады.
Олардың бәріне ортақ бір қасиеті – бейбіт күндері
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында жүріп жиһадқа
шығуға дайын екенін айтып, ал шешуші сәтте сылтау
тауып сұрана бастайтын. Өздері бармағанымен қоймай,
331
«Бақара» сүресі, 14.
332
«Бақара» сүресі, 204-206.