

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
256
кеудесіне қойып ақтық демін шығарды. Айша анамыз
Расулаллаһтың соңғы сағаттарын былай еске алады:
«Аллаһтың маған берген үлкен нығметтерінің бірі
Расулаллаһтың (с.а.с.) өмірінің соңғы сәтінде менің
бөлмемде болып, мен аузыма салған мисуакты оның
да қолданып, жанымда отырып жан тапсыруы. Аб-
дуррахман қолына мисуак алып бөлмеге кірген-ді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мисуакқа қарап қалғанын
көрдім де мисуакты алып берейін бе деп сұрадым. Ол
кісінің мисуакты қатты жақсы көретінін білуші едім.
Ол басын изеді. Мен мисуакты жұмсарттым да жайлап
тістерін ысқылай бастадым. Ал ол болса жанындағы
суға қолын малып алып:
«Лә иләһә иллаллаһ! Өлімнің
ауырлығы бар екен
», – деді. Сосын қолдарын көтеріп
демі үзілгенге дейін
«Уа, Аллаһ тағалам, Рафиқул-
Ағланы қалаймын!» –
деп жатты. Ақырында, талай
мұғжизаға себеп болған мүбәрак қолдары сылқ еткен
күйі жансызданып сала берді»
334
.
Хазірет Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың өлмегенін
айтып, «Ол тек Мұсаның Раббысына кеткені секілді
кетті. Ол екіжүзділерді жоқ етпейінше өлмейді», – деп
өліміне сенгісі келмеді. Сонда Әбу Бәкір оған қарап:
«Омар өз-өзіңді ұста, тыныштал», – деді. Омар сөзін
жалғастырып тоқтамады. Сонда Әбу Бәкір Омардың
тоқтамайтынын сезіп, халыққа қарап былай дейді: «Ей,
халайық! Араларыңызда Мұхаммедке табынатындарың
бар болса, біліп қойсын ол өлді. Ал кімде-кім Аллаһқа
табынатын болса, біліп қойсын, ол мәңгі тірі, өлмейді»
Аллаһ тағала былай дейді: «
Мұхаммед тек елші ғана,
одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не
334
Бұхари, Мәрда 19, Фәзайлус-Сахаба 5, Дағуат 28.