Previous Page  262 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 262 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

262

көкірегінде жатталуы арқылы сақталды, тіпті араб

тілін білмейтіндер де Құранды жатқа білді, әрі түрлі

жазу құралдары арқылы да сақталды. Сондай-ақ Аллаһ

тағала:

«Шындығында, Құранды біз түсірдік әрі

оны міндетті түрде біз сақтаймыз»

342

деп уәде бер-

ген, сондықтан басқа пайғамбардың жаңа дінмен келуі

қажет емес.

3. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелген шариғаты

қияметке дейін жарамды, ешбір кемшіліксіз, әр

заманға сай қоғамның бүкіл қажеттіліктерін өтей

алатын қабілетке ие. Ал алдыңғы пайғамбарлардың

шариғаттары тек өздері өмір сүрген заманға ғана

тәуелді.

4. Бұрынғы пайғамбарлардың үмбеті күн өте келе

азайып, тіпті өз пайғамбарларының өсиеттері мен

көрсетіп кеткен үлгілерін ұмыта бастаған, ал Мұхаммед

пайғамбарымыздың (с.а.с.) үмбетінің күн өткен сайын

саны артуда және айтып кеткен хадистері мен істеген

ізгі іс-әрекеттерін үлгі тұтып, еш ұмытпастан ұрпақтан

ұрпаққа беріп келеді.

Осындай ерекшелікке ие Пайғамбарымыз (с.а.с.)

адамзат баласының соңғы елшісі болып табылады.

Олай болса, Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейін

Аллаһтан елші келмеді және келмейді де, өйткені бұл –

Аллаһ тағаланың уәдесі.

108. Артына мирас қалдырған ба?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) артына дүние қалдырмаған.

Өмірінің соңғы сәттерінде хал үстінде жатқанда

бір алтын теңгесі ғана бар еді. Оны да садақа етіп

беріп жібереді. Жұбайы Хадиша анамыздың (р.а.)

342

«Хұжр» сүресі, 9.