

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
260
(с.а.с.) өмірден өткеннен кейін бес-ақ жылдың ішінде
Еуропа мен Африка, Азия сынды үш құрлықтың
қиырларына дейін барған. Ең қызығы сол, қаншама
ұлт пен ұлыстар сонау алтын дәуір аталатын заман-
да өзара бейбіт өмір сүрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі
көз жұмғанмен сөзі әлі күнге дейін үмбетін тура жолда
ұстап келеді. Қоштасу қажылығында жүз елу мың адам
болған деседі. Ал қажылыққа келе алмай елдерінде
қалып қойған адамдар қаншама?
Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тәблиғының
аяқталғаны оның өмірінің соңғы кездерінде Рәфиқул-
Ағланы (Ұлы Досын) қалауы еді. Онсыз да қоштасу
қажылығында «Мен өз міндетімді атқардым ба?» – деп
сұрағанда, сахабалары бірауыздан: «Иә, сен міндетіңді
кіршіксіз атқардың», – деп ағынан жарылғаны көп
жайтты сездірген болатын.
107. Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан
кейін пайғамбар келмейтіндігіне қандай
дәлелдер бар?
Аллаһ тағала Құран кәрімде:
﴿ مّا كَانَ مُحَمّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِّن رِّجَالِكُمْ وَلَكِن رّسُولَ اللِّ وَخَاتَمَ النّبِيِّينَ
وَكَانَ اللُّ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيماً﴾
«Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес,
бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың
соңы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші»
338
–
деген.
Имам Табари:
«
пайғамбарлардың соңы
» деген
аяттың мағынасы, Мұхаммед пайғамбардың келуімен
338
«Ахзаб» сүресі, 40.