

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
264
арқау, көңілімізге медет, өйткені Пайғамбарымызға
тиесілі дүниелерді көзбен көре отырып иманымызды
күшейтеміз.
Аллаһ расулының (с.а.с.) сүннетін жеткізуде, заттық
жәдігерлер мен рухани мұраларын ыждағаттылықпен
зерттепізгілігімізгеұсынудаАбдуллаһибнОмардың(р.а.)
алар орны ерекше. Пайғамбарға (с.а.с.) деген махабба-
тын өмірінің негізі еткен бұл үлкен сахабаның сүннетке
деген ұқыптылығы кісі таңданарлық. Әр істегенін айна-
қатесіз қайталап, тамақ ішкенде де еліктеп, жүрісіне
дейін салатын. Тіпті Пайғамбарымыздың көлеңкелеп
отырған ағаштың түбіне барып саялап, сол талды суа-
рып та жүретін. Расулаллаһ дүние салғаннан кейін Ибн
Омар оның аты аталған жерде шыдай алмай көз жасы-
на ерік беретін. Аллаһ елшісінің мінберде аяғын қойған
жерді алақанымен аялай сипайтын. Ал намаз оқыған
жерінде намаз оқуға деген ықыласы тым ерекше еді.
Мекке азат етілгенде, Пайғамбарымыз Қағбаға кіріп на-
маз оқып шыққаннан кейін сахабалар ішке кіруге тұра
ұмтылған. Бірінші Ибн Омар (р.а.) кіріп, Біләлдан (р.а.)
Аллаһ елшісінің қай жерде намаз оқығанын сұраған
343
.
Тағы бірде Мұғауия әулетінің жиналған жеріне келіп,
Пайғамбарымыз осы ауылға келгенде, мешіттің қай
жерінде намаз оқыған еді деп сұрағаны бар
344
.
Мүбәрак сақалы мен шашы сахабалар арқылы
сақталып, күні бүгінге дейін жетті. Әнас ибн Мәлик
(р.а.) былай дейді: «Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) ша-
шын алдырды. Біз ентелей қоршап, бірде-бір қылдыжер-
ге түсірмей таласып-тармасып жинап алып отырдық».
Міне, осындай құрметтің арқасында жәдігерлері бізге
дейін сақталған.
343
Бұхари, Жиһад 127
344
Муатта, Құран 35