

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
265
Ә дегеннен Ислам мемлекетінің билеушілері
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) қалған жәдігерлерге ерекше
көңіл бөлген. Бір-бірінен сатып та алғандары болған.
Әртүрлі дәуірлерде түрлі басшылардың қолымен
сақталған жәдігерлер жиналып, Аббасидтердің
соңғы халифасы үшінші Мүтәуекелуллаһ тарапынан
Явуз сұлтан Сәлім ханға тапсырылып, Ыстамбұлға
апарылған. Аталмыш жерде төрт жүз жылдан бері
бүгінге дейін хафыздар күніне жиырма төрт сағат
үздіксіз Құран оқиды.
Аллаһ расулының мұрасына осылайша құрмет
көрсету дінімізге ешқандай да қайшы емес, керісінше,
оған деген құрметіміздің көрінісі. Дінімізге қайшы бол-
са, сонау сахабалардан бастап кешегі бабаларымызға
дейін бұл дәстүр жалғасын таппас еді.
110. Түске кіретіні рас па?
Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
«Кімде-кімменітүсінде
көрсе, өңінде де көргені, өйткені шайтан менің бейне-
ме ене алмайды»
345
деген хадис жеткен. Алайда кейбір
ғұламалардың көзқарасы бойынша, Пайғамбарымызды
көрген адам оның сипаттарымен де қоса көруі керек
екендігін айтқан.
Пайғамбарымызды (с.а.с.) әркім түсінде әртүрлі
көруін былай деп түсіндіре аламыз. Адамдардың көрген
түсі мен өздерінің рухани болмыстары арасында жақын
байланыс бар. Егер адам түсінде Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) кейбір жақсы қасиеттерін көрмесе, демек, ол
адамның өзінде сол қасиеттер жетіспейді деген сөз.
Кейде адамның жағдайына қарай ишаралар да болуы
мүмкін. Сол себепті де әртүрлі көреді.
345
Бұхари, Табир 2, 10