

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
266
111. Ақиретте куә болатындығын қалай
түсінеміз?
Аллаһ расулының (с.а.с.) адамдармен байланысы
ақиретте де жалғасын таппақ. Осы дүниеде қамқор
болғаны секілді үмбетін ақиретте де қамқорлығына
алмақ. Тіпті үмбетіне ғана емес, барша адамзатқа, тіпті
пайғамбарларға да куәлік етеді.
Құрандағы
«Әй, дәрежелі пайғамбар, Біз сені
адамдарға куәгер, сүйіншілеуші әрі ескертуші етіп
жібердік»
346
деген аятқа қарасақ, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) осы дүниеде Аллаһтың жалғыздығын айтып,
құлшылыққа міндетті екенімізді ескерткеніне күні
ертең ақиретте өзі куә болмақ. Бұл жайлы мына аяттан
көреміз:
«Әй, расулым, әр үмбетке бір-бірден куәгер
пайғамбарларды жібергенде және сені барлығына
куә еткенімізде олардың жағдайы не болар екен?
Сол күні дінді жоққа шығарып, пайғамбарға қарсы
шыққандар жерге кіріп кеткісі келеді. Олар ешбір
арсыз істерін Аллаһтан жасыра алмайды»
347
, «
Ә р
үмбетке өзінің куәгерлерін әкелетін күн келеді. Сені
де үмбетіңе куә етеміз...»
348
Ақиретте өзге үмбеттің бәрі өздеріне жіберілген
пайғамбарларының тәблиғын жоққа шығарады. Аллаһ
тағаласолпайғамбарлардантәблиғеткенінекуәсұрайды.
Соңында мұныМұхаммед (с.а.с.) үмбетінен де сұрайды.
Мұсылмандар басқа үмбеттердің пайғамбарларына
және сүйікті Елшіміздің (с.а.с.) пайғамбарлық
міндетін атқарғанына куәлік етеді. Басқа үмбеттер
«Мұны қайдан білесіңдер?» – деп сұрайды. Сонда
мұсылмандар: «Мұны бізге Аллаһ Құранмен, өзінің
346
«Ахзаб» сүресі, 45.
347
«Ниса» сүресі, 41-42.
348
«Нахл» сүресі, 89.