Previous Page  259 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 259 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

259

кіріспей жатып босаңсып қалса, енді бірі ортасын-

да шығып қалып жатады. Ал пайғамбарлар өздерінің

өмірлік мақсаты дінді тәблиғ ету жолында жүз пайыз

жетістікке жеткен, нәтижесін де көзі тірісінде көріп

кеткен.

Пайғамбарлардың барлығы міндеттерін мінсіз

атқарды. Алайда ақырғы елші Мұхаммед Мұстафаның

(с.а.с.) жауапкершілігі ерекше, өйткені одан кейін

пайғамбар келмек емес. Ол – қияметке дейін келіп-кетер

адамзаттың барлығына ортақ пайғамбар. Жұрттың

көкейіне келер-ау деген барлық сұрақтарға жауаптарын

айтып кетті. Аллаһ тағаланың Өзі кәмілдікке жеткізген

діннің пайғамбары кішкентай нәрсені болса да айтпай

кетті деу ақылға қонымсыз.

Құран кәрімде діннің кемеліне жетіп, Аллаһтың

адамдарға деген осы нығметінің тамамдалғаны

«Бүгін

діндеріңді кемелдікке жеткіздім. Сендерге арналған

нығметімді тамамдадым. Діндеріңнің Ислам болу-

ына разы болдым»

337

деп айтылған. Яғни, сендерге

иман, ақида, ахлақ нормаларын белгіледім және ең ке-

ремет заң негіздерін үйреттім. Бұдан кейін бұл діннің

ешқандай кемшілігі жоқ. Сендерге һидаят пен иманға

апаратын төте жолды көрсеттім. Уақыт өткен сайын

сандарың артатын үлкен үмбет қылдым. Мұсылмандар

өзге ешқандай дінді қажет етпейтіндей, харамға қайта

жоламайтындай діндерің иләһи нығмет болып қияметке

дейін қала бермек дегендей.

Ешқандай да мораль негізі қалмаған араб жерінде

Ислам діні кісі айтса сенгісіз биікке көтеріліп, он жыл

ішінде Ирак пен Палестинаның оңтүстігінен бастап

барлық араб түбегін қамтитын үш миллион шаршы

шақырымнан асатын жерге жайылды. Пайғамбарымыз

337

«Мәида» сүресі, 3.