

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
258
болғаннан кейін үш бөлек ақ матаға орады. Он сегіз
мың ғаламның сардары, күллі адамзатқа асыл дінді
алып келген ақиық елшінің бұл фәниден әкеткені осы
ақ мата ғана еді.
Қайтыс болған адамның артынан ең соңғы жа-
салатын міндет – дұға ретінде жаназа намазын оқу.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазында да бір
кісі имамдыққа өтіп намаз оқытуы керек болды, бірақ
бұл жолы ешкім де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жана-
за намазын жұртқа имам болып тұрып оқытуға жүрегі
дауаламады. Ақырында, жұрт бір-бірлеп кіріп, өздері
оңаша оқып-шығып жатты.
105. Жерленетін жері қалай белгіленген?
Қайтыс болғанда қай жерге жерленетіні әлі
анықталмаған еді. Тағы да жұрт түрлі пікірлер айт-
ты. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) өз аузынан естіген «Ешбір пайғамбарға қайтыс
болған жерінен басқа жерге қабір қазылмайды» деген
хадисті айтты. Осылайша Айша анамыздың бөлмесінен
Пайғамбарымызға (с.а.с.) қабір қазылып, ішіне қызыл
барқыт төселді де сәрсенбі күні кешке жерленді.
Сүйегіне Али, Аббас, Ақыл ибн Әбу Тәліп, Фадл және
Шүкран (р.анһум) деген сахабалар түсті.
106. Дінді толық жеткізіп кетті ме?
Барлық пайғамбар атаулы міндеттелген жұмысы
үшін бар өмірін сарп етеді. Олардың жалғыз ғана
мақсаты Аллаһ разылығына ие болу. Сол жолда
адамдардың көңіліне жол табу, ешкімді Исламның
ақиқатынан мақұрым қалдырмау. Рас, бұл екінің бірінің
қолынан келе беретін іс емес. Кейбіреулер мақсаттарына