Previous Page  239 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 239 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

239

лып соғысуды қалады, бұған қоса, Пайғамбарымыздың

екінші айтқан ұсынысын қабылдамау арқылы тағы

да соғысуды таңдады. Сөйтіп, Рамазанның он үші,

жұма күні, таң ағарып атқан заматта мұсылмандар

он мың әскермен салтанатты түрде Меккеге басып

кірді. Пайғамбарымыз Кәсуаға мінген, айналасын

салмақты жүзбен сүзіп, «Фәтх» сүресін оқып келеді.

Сахабаларының көңіл-күйі көтеріңкі. Жүздерінен

тәлімсу, үлкен жеңіске қол жеткізгені үшін өзгені

менсінбеу емес, керісінше, нәпсісін тыйып, өзгелерге

де шаттық сыйлауға деген ұмтылыс байқалады

329

.

Меккеліктерге: «Кімде-кім Әбу Суфиянның үйіне кірсе

немесе кімде-кім өз үйінде есігі жабулы күйде отырса

және Қағбаны паналағанға ешкім тиіспейді», – деп ай-

тып қан-төгіссіз Меккені азат етті.

Хунайн соғысының себебі: Аллаһ елшісінің (с.а.с.)

Меккені азат еткенін қызғанған, ішін кек жайлаған Хуа-

зйн және Сақиф рулары бас көтереді. Жан-жаққа хабар

жіберіп әскер жинайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға

қарсы Хунайн ойпатында төтеп беріп, Мекке халқын

қорғап қалады.

Тәбук жорығында да Пайғамбарымыз (с.а.с.)

қорғану үшін римдіктерге қарсы жолға шыққан бола-

тын. Алайда соғыс өрті тұтанбады.

Құрайза жорығына да себеп болған – құрайзалық

яһудилердің Пайғамбарымызға берген келісімін

бұзғаны. Келісім бойынша Хандақ шайқасында

мұсылмандармен бірге Мәдинаны қорғауға тиіс еді,

бірақ олар келісім-шартты аяққа таптап, шайқастың

қызған сәтінде мүшріктермен ауыз жаласып, тайқып

кетті. Онысымен қоймай, Мәдинаға басып кіріп

мұсылмандардың әйел, бала-шағасына қырғидай тиіп,

329

Д. Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі.