Previous Page  236 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 236 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

236

шықпау, бұл мәселелерде дұшпанға қолдау көрсетпеу,

адам құнын төлеу кезінде жәрдемдесу жайы бекітілген.

Солай бола тұра, құрайыш мүшріктері Мәдинадағы

мұнафықтармен ауыз жаласып, жең ұшынан жалғасуды

тыймаған. Олар Пайғамбарымыз (с.а.с.) отырған

үйдің төбесінен тас тастап, өлтірмекке әрекет жасай-

ды. Алайда бұл айлалары жайлы Жәбірейіл хабар

беріп, Пайғамбарымыз шұғыл отырған жерінен тұрып,

Мәдинаға кетіп қалады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Надыр

тайпасына қоныс жерін тастап кетуін талап етеді, бірақ

Надыр тайпасы қасарысып, соңында мұсылмандар

қару қолдануға тура келеді. Алайда мәселе қан-төгіссіз

шешіліп, яһудилер қоныс аударады.

Ор (хандақ) соғысының болу себебі: Надыр тайпа-

сы Пайғамбарға (с.а.с.) қастандық мақсатында бірнеше

адам тағайындап, Мекке мүшріктеріменмұсылмандарға

қарсы соғысуға келіссөз жүргізеді. Яһудилер Мек-

ке мүшріктеріне «сендердің діндерің Мұхаммедтің

дінінен әлдеқайда жақсы» деп жағымпаздық жа-

сап, мұсылмандармен соғысуға келіседі. Осылайша

Ғатафандағы кәпірлермен және Бәни Фараза, Бәни Хур-

ра деген жерлерден қосымша қол жинап, атой салып

келеді. Мұсылмандар қорғану үшін Мәдина қаласының

айналасына ор қазады, сондықтан бұл соғыстың аты да

«Хандақ» (ор) деп аталып кетеді.

Хайбар соғысының себебі: Құрайза, Қайнуқа және

Надырдың сүргінге ұшыраған яһудилері Хайбарға

барып жиналған болатын. Бұлардың басы қосылған

жерде мұсылмандарға қауіп төну мүмкіншілігі бесе-

неден белгілі еді. Әсіресе, мұсылмандарды қас жауы

көретін яһуди басшылары (Кинана ибн Рабиа, Саллам

ибн Әби Хуқайқ, Хуяи ибн Ахтап) бір ұяда бас қосты.

Бұлар кек қуалап, әрдайым қауіп төндіріп тұрды. Бір