

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
241
Бәдірде де дұшпандарына қарсы осындай сан
қырлы тәсілдерді қолданған. Дұшпанның сан жағынан
көптігі, бес қаруының сай болуы бәрібір олрды жеңіске
жеткізе алмады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көбіне ешкімге білдірмей
қозғалатын. Оның ойластырып жүрген айла-тәсілдерін
жауы түгіл қасындағылар да біле бермейтін. Қайда
бара жатқанын күні бұрын жарияламайтын. Мыса-
лы, Меккені аларда бір күндік жол қалғанға дейін
меккеліктердің де, қасындағы адамдардың да анық ха-
бары жоқ еді. Он мың адам бірдей от жаққанда ғана
мүшріктер қиын жағдайға тап болғанын бір-ақ түсінеді,
бірақ бәрі кеш, барар жері, басар тауы қалмаған.
Алдын-ала барлаушыларды жіберіп хабар алу да
ол кісінің әдістерінің бірі. Жер-жердегі осындай адам-
дары хабарды дер кезінде жеткізіп отырғандықтан,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қапы қалмай шара қолданып
отырды. Ал өзінің сақтығына келетін болсақ, ешкім де
мұсылмандардың ішіне кіріп жоспарын білген емес.
Бір рет Хатиб ибн Әбу Бәлта кішігірім қателік жа-
сап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Меккеге аттанғалы
жатқанын жеткізіп бармақ болады, бірақ жолда
ұсталады.
Ешқайда қонбай суыт жүріп отырғанның өзінде
он күндік уақыт кететін Сирияға хабаршысы сегіз
күнде жеткенін естігенде, бәрі таң қалатын. Сөйтсе
Пайғамбарымыздың жіберген хабаршысы Мәдинадан
шығып бір күн жүргеннен кейін хабарды жеткен
жеріндегі алдын-ала белгіленген адамға тапсыра-
ды екен. Ол тапсырманы алып ары кетеді. Бір күн
жүргеннен кейін үшінші біреуге барып жеткізеді. Осы-
лайша мінген көлігі де болдырмай, өздері де шаршамай
хабарды уақытынан бұрын жеткізетін.