

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
240
қауіп төндірді. Пайғамбардың қайырымдылығын аяқ
асты еткен құрайзалар дұшпан шегінгенде барып, есін
жиғанмен бәрі кешеді.Мүшріктердің қирайжеңілгеніне
көзі жетісімен, Мәдинаға екі сағаттық қашықтықтағы
қамал-қалаларына бекініп үлгереді.
Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көптеген
соғыстарының себебі: біреудің ақысын қайтару,
келісімді бұзғандығы үшін қорғану мақсатында орын
алған. Соғыстарда қарсы алдына шыққан жауынгер-
лерден басқа ешкімге зиян тигізбеген. «Қарттарға,
әйелдерге,
балаларға,
шіркеулерге
тимеңдер.
Ағаштарды өртемеңдер, хайуандарды өлтірмеңдер,
дүние-мүліктеріне зиян келтірмеңдер» дегенінің өзі
оның Ислам үшін жүргізген шайқастарының қандай
кейіпте өрбігенін аңғартады. Дұшпандарға деген шабу-
ылы оның жеке басының жек көруінен немесе кешегі
Меккеде кеткен кегінен емес, жауыздықтың жойы-
луы, әділдіктің орнауы үшін жасалған азат ету шара-
лары еді. Ешқашан сезімге беріліп, ашуға салынып
әрекет етпеген. Оның барлық ісі Аллаһтың хикметімен,
нұсқауымен орындалатын.
96. Соғыс кезінде қандай тәсілдер
қолданған?
Барлық салада озықтығымен қара үзген Аллаһ
елшісі соғыс өнерін де жетік білген. Бір рет қолданған
әдісін екінші рет ешқашан қолданбаған. Сол үшін
дұшпандары әрдайым онымен бетпе-бет кездескен-
де тайсақтай беретін. Кейінгі уақыттарда кеңінен
қолданылған, бірақ ол дәуірде онша таныла қоймаған
шегіне отырып кенет шабуылдау, басып кіру деген
әдістер ол күндері Құрайышқа беймәлім болатын.