

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
234
кетпей қояды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұны көргенде,
дереу балапандарды орнына қоюды талап етеді
326
.
Аллаһ тағала жер бетіндегі барлық жаратылы-
сты кемшіліксіз жаратқан. Олардың теңдігі соншалық
– біреуін жойсаң, екіншісіне зиянын тигізеді. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) иттердің де жаратылыста орны бар
екендігін айтып,
«Егер иттер өз алдына жеке бір
үмбет болмағанда, қырып тастауларын бұйырар
едім»
327
,
– деген.
Қоршаған ортаның қорғалуына, ағынды-ағынсыз
суларға дәрет сындырмауға аса мән берген. Олай
болса, қоршаған ортаны қорғау – дініміздің талабы,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті.
95. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қандай
себептермен соғысты?
Ислам – бейбітшілік пен есендік діні. Дініміздің
үкіміне салсақ, бір адамды өлтіру барша адамзатты
өлтірумен тең. Құранда «...
Кімде-кім жер жүзінде
бұзақылық қылмаған, нақақ кісі өлтірмеген біреуді
өлтірсе, ол бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең
...»
328
делінген. Аллаһ тағала мұсылман адамның бір адамды
нақақ өлтіруін адамзатты тұтас өлтірумен теңеп отыр,
олай болса, мұны білген мұсылман, әсіресе, Аллаһ
елшісі (с.а.с.) аятқа қайшыкеліп, халықтықыруымүмкін
емес. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа шара қалмаған
уақытта ғана қолға қару алған. Мұны біз соғысу емес
«қорғану» деп атасақ болады. Яғни, алғашқы он жыл-
дан астам уақытта мұсылмандар дұшпандарынан
қанша зорлық-зомбылық көрсе де оларға қарсы тұруға,
326
Әбу Дәуіт, Әдеп 164.
327
Әбу Дәуіт, Әдаһи 22.
328
«Мәида» сүресі.