Previous Page  229 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

229

жасына ерік беріп егіле жылайды. Оның жылағанын

Сағд ибн Ұбада ерсі көргендей сыңай танытады.

Мұны байқап қалған Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Бұл –

мейірімнен туындаған көз жасы. Аллаһ оны қалаған

құлына нәсіп етеді. Аллаһ тек мейірімді құлдарына

ғана рақым етеді», –

деп түсіндірген болатын.

Науқастарға барғанда, олардың көңілін аулауға ты-

рысатын. Сахабалардың бірі ауырып қалғанда:

«Уай-

ымдама, иншаллаһ, осы ауруың арқылы күнәларыңнан

тазарасың», –

деп жұбататын. Өзге дін өкілдерінің де

барып көңілін сұрайтын. Кейде бір науқасқа бірнеше

рет кіріп-шығатын. Сағд ибн Муаздың (р.а.) соғыста

қолы жараланғанда, жақын жерде тұрып жәрдем беру

үшін мешіт ішінен науқасқа арнайы шатыр тіктірген.

92. Аурудың алдын алу үшін қандай кеңес

берген?

Рухы бай, денсаулығы мығым мұсылманның

Аллаһ алдында сүйкімдірек болатынын айтып, ауру-

дан сақтануды әрі аманат ретінде берілген денемізге

жақсылап қарауды тапсырған. Сол себепті ауырып ем

іздегеннен гөрі ауырмайтын жол іздеуді өсиет еткен.

Ол үшін адам баласы тазалыққа аса мән беруі тиіс. Бұл

турасында Пайғамбарымыз (с.а.с.)

«Тазалық – иманның

жартысы

» дей отырып, балаларының өсіп-жетілуінде

материалдық әрі рухани тазалығына аса мән берген.

Мысалы, Айша (р.а.) былай дейді: «Ұсама байқаусызда

есіктің маңдайшасына басын соғып, бетін жарақаттап

алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу қан аққан жеріне

қарап:

«Баланың қанын жуып тазала!» –

деді. Мен

жиіркенгендей біраз кідірдім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзі

қанды тазартып, бетін сумен жуды. Артынша:

«Егер