

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
225
жақсы қарауды мықтап тапсыратын. Өзі бастап барған
жорықтарының ешқайсында шабуылды кеш түскеннен
кейін бастаған емес. Таңды күтетін. Түстен кейін де ша-
буыл жасай беретін. Қаланы азат еткеннен кейін әділдік
пен тәртіпті орнату үшін сол жерде үш күн аялдай-
тын. Ол жердегі адамдар қай дінді ұстанған болса сол
дінінде жүруге рұқсат берген. Әскерінен жеңіс хабары
келгенде, шүкір етіп сәждеге жығылатын.
89. Дүниеге келген жас нәресте үшін
дұға еткен бе?
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жас нәресте үшін дұға жа-
сайтын. Айша анамыз (р.анһа) бір әңгімесінде: «Хазірет
Пайғамбарға нәрестелер әкелінетін. Ол – нәрестелер
үшін берекет тілеп, дұға ететін», – дейді.
312
Сонымен
қатар, сәбилі болған сахабалар Пайғамбарымызды
немесе басқа мұсылмандарды қонаққа шақырып, ақ
тілегін алған. Мысалы, Муауия ибн Қурра ұлды болған
кезде сахабаларды қонаққа шақырып, астан кейін
оларға дұға жасатып, артынан өзі де ұлының діндар әрі
ақылды болуы үшін тілек тілегенін, қонақтардың оның
тілегіне «әмин» деп қосылғанын баяндайды
313
.
Немерелері хазірет Хасан мен Хұсейін үшін
Аллаһтан: «Сендерді барлық шайтаннан, зиянды
жәндіктен, сұқ көзден Аллаһтың мінсіз сөздеріне
(Құран мен Аллаһтың көркем сипаттарына) сыйына-
мын», – деп дұға еткен.
«Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл
болады
», – деп мәлімдеген Пайғамбарымыз (с.а.с.)
тәрбие барысында бала үшін дұға жасап, Ұлы Раббыға
312
Әбу Дәуіт, Әдеп, 108.
313
Әдәбул-Муфрәд, 429-б.