Previous Page  222 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 222 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

222

намаздан кейін ұйқыға бас қоятын

307

. Айша анамыз

оның ұйқы алдында дұға еткендігі жайлы былай дейді:

«Аллаһ елшісі әр күні жатар алдында екі қолын жай-

ып, «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып қолына

үрлейді де, басынан бастап, денесінің қолы жететін

барлық жерін сипайтын. Мұны үш мәрте жасайтын»

308

.

Сонымен қатар, Али (р.а.) былай дейді: «Аллаһ елшісі

Фатима екеумізге мынаны өсиет етті: «Жатар алдында

33 мәрте Аллаһу акбар, 33 мәрте субханаллаһ, 33 мәрте

әл-хамду лиллаһ» деңдер». Али (р.а.) сол күннен кейін

мұны еш тәрк етпегендігін айтқанда бір кісі: «Соғыс

кезінде де тастамадың ба?» – деп сұрағанда, ол: «Иә», –

деп жауап береді

309

.

Кешқұрым үйінен көп шықпайтын. Ілуде кештетіп

шыққандығын мына хадистен біле аламыз: Бір күні

кешкісін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарға

барады. Әбу Бәкірдің өте бәсең дауыспен, ал Омардың

зор дауыспен Құран оқып жатқанын көреді. Таң атқанда

екеуімен жолығып, Әбу Бәкірге Құран оқығанда даусын

біраз көтеруін, ал Омардың біраз даусын төмендетуін

айтады. Әбу Бәкірге дауыстап оқы деу арқылы

оның даусын айналасындағылар естісін, Аллаһтың

жалғыздығын ұқсын, білсін дегендей. Ал Омарға

даусыңды біраз бәсеңдет деуі, айналасындағы намаз

оқып тұрған адамдарға кедергі келтірмесін, күндізгі

тіршілігінен шаршап ұйықтап жатқандарды мазалама-

сын дегендей

310

.

307

Ұйықтамас бұрын «Исра», «Зүмәр», «Хадид», «Хашр»,

«Саф», «Тәғабун» және «Жұма» сынды сүрелерді оқитын.

308

Бұхари, Фадаилул-Құран 14.

309

Мүслим, Зікір 80.

310

Сахаренфури, Базлул-мажһуд, 7/89.