Previous Page  220 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 220 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

220

стап дұха уақытына дейінгі уақыт өте берекелі уақыт.

Бір хадисінде:

«Әлдекім таң намазын оқып, сол жер-

де күтіп, екі рәкат дұха намазын оқығанға дейін тек

қайырлы нәрселер айтса, күнәлары теңіздің көбігіндей

болса да кешіріледі»

305

деген. Дұха намазынан кейін егер

бір жұмысы шықпаса, үйіне барып, талғажау етерлік

бір нәрсенің бар-жоғын сұрайтын. Егер жоқ десе, ауыз

бекітіп, сол күнін оразамен өткізетін. Ал егер бар болса,

жеп-ішетін, тамақ талғамайтын. Көбіне-көп аш құрсақ

жүретін. Үйінде көбінесе құрма мен су ғана болатын.

«Мен Аллаһтың құлымын, құл секілді тамақтанамын»,

– деп, ас үшін аса қайғырмайтын. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) бесін намазының алдында қысқа уақытқа көз

шырымын алатын. Ал жұма күндері жұма намазын

оқығаннан кейін сәл мызғып алатын.

Бесін намазы

. Уақыты кіргенде сахабаларымен

бірге мешітте бесін намазын оқитын. Ал жұма күні

жамағат жиналғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне тән

кішіпейілдікпен бөлмесінен шығып, жұрттың сәлемін

алатын. Сосын мінберге шығып жұртқа өзі сәлем

беретін. Азан оқылғаннан кейін дереу құтбаны бастай-

тын. Құтба оқығанда адамдар жалықпасын деп орта-

сында үзіліс жасайтын. Құтбасын жұрт шешімін таба

алмай жүр-ау деген тақырыптарға арнайтын.

Намаздан кейін сахабаларын зиярат етіп, жағдай

сұрап, қоғамдық істерге зер салып, уахи жолымен

түскен аяттарды Құран жазушы сахабаларға жазды-

ратын. Егер Аллаһтан бұйрық келсе, жалпақ жұртқа

бірден жеткізетін.

Ислам

дінін

қабылдаған

ру-тайпалар

Пайғамбарымызбен жолығуға келетін. Аллаһ елшісі

305

Тирмизи, Үтір, 15.