

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
215
жаратылыстарының барлығы осы жерге дейін хабар
ала алады, бұл жерден ары ешкім бара алмайды
301
.
Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейіл
періштені өз бейнесінде екі мәрте көрді, біреуі жер-
де, екіншісі көкте. Бұдан басқа кездері Жәбірейіл
періштені өз бейнесінде емес, түрлі бейнелермен
келгенін көрді. Кейде дауыс болып естіліп, кейде
түсінде, кейде жүрегіне хабар салу арқылы жүзеге
асатын. Енді бірде Дихиятул-Кәлби секілді кейбір
сахабалардың бейнесінде келетін. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) үшін осы оңай болды, өйткені періштені
Аллаһтың жаратқан бейнесінде көру адам баласына
ауыр тиеді. Періштелердің жаратылысының өзі бұл
дүниедегі жаратылыстарға ұқсамағандықтан, олардың
қанаты да дәлме-дәл құстардікіндей деп нақты айта ал-
маймыз. Періштелер әлемі адам ойы мен қиялынан тыс
тұрады. Сол себепті олардың шынайы болмысы Аллаһ
тағала мен оларды көрген пайғамбарларға ғана аян.
84. Мәдинаға барғанда ең алғаш не істеді?
Мәдинадағы Әбу Әйуб әл-Ансаридың (р.а.) үйіне
орналасқаннан кейін алғашқы кіріскен ісі – жұртты бір
жерге жинап, түрлі мәселелерді шешіп, ғибадаттарын
еркін орындайтын мешіт құрылысын бастады. Мұның
артынша мұһажир мен ансарларды бір-бірімен бауыр
етті. «Мәдина заңдары» деп аталған заңдар жинағын
құрастырды. Бұл заң Мәдина халқын да, маңайдағы
елді де қамтыды.
Олай болса, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдина
қаласына барғанда үш негізді қалыптастырды.
301
Уаһбату Зуһайли, Тафсирул-мунир, «Такасур» сүресінің
тәпсірі.