

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
213
жасаса, Раббыларың сендерге (жауынгерлік) белгісі
бар бес мың періштемен көмектеседі
»
294
деген.
Періштелердің түскені аятта ашық айтылған. Кейбір
риуаяттарда оларбоз аттарғамініп, сары, ақ, қара сәлделі
сипатта мұсылмандарға жәрдем бергендігі айтылады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы соғыста:
«Періштелердің сары
сәлде тағып Зүбәйр ибн Әууәмнің бейнесінде түскенін көрдім»,
295
– дейді. Бұл соғыста жаумен арпалысқан Зүбәйр
ибн Әууәмнің басында сары сәлде болатын
296
. Бұхари
кітабында: «Пайғамбар (с.а.с.) Бәдірде соғысатын күні
былай дейді: «Мынау Жәбірейіл періште. Атының
жүгенін ұстаған, үстінде қару-саймандары бар».
Көпшілік тәпсір ғалымдары періштелердің Бәдір
соғысында көктен түскендігіне бірауыздан келіскен
және Ибн Аббастың риуаятында Бәдір соғысынан басқа
соғыстарда да періштелер түскен, бірақ дұшпандарды
қорқыту үшін, мұсылмандардың санын көп етіп көрсету
үшін түскендігі айтылады
297
.
Періштелердің соғысқа қатысуы мұсылмандардың
көңіліне сенімұялатты, өздеріненүшесе қарсыластарын
жеңіп шықты. Алайда мұсылмандардың жеңіске жетуі
бір Аллаһтың қолында, сондықтан періштелердің
мұсылмандар қатарына қосылуының басты себебі мына
аятта айтылған: «
Аллаһ мұнымен сендерді қуантып,
көңілдеріңе сенім ұялату үшін жіберді. Жеңіс тек
Аллаһтың қалауымен ғана болады. Әлбетте, Аллаһ
ұлы күш-қуатқа ие әрі Хаким иесі
»
298
.
294
«Әли-Имран» сүресі, 124-125.
295
әл-Хайсәми, Мәжмауз-зәуаид, 6/83.
296
әл-Муттакил-Хинди, Кәнзүль Уммал, 5/268.
297
Хак дини Қуран дили, Елмали Хамди,2/420.
298
«Әнфал сүресі», 10.