Previous Page  208 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 208 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

208

Әбу Ләһабтің әйелінен қорғалуы

. Ислам жа-

сырын жайылып жатқанда,

«Алдымен ең жақын

туыстарыңа жеткіз»

288

деген әмір түседі. Расулаллаһ

(с.а.с.) дүйім жұртты Сафа төбесіне жинап өзінің

пайғамбарлығын жариялайды. Сол жерде тұрған ағасы

Әбу Ләһаб қаһарына мініп, былапыттап айтпаған

сөзі қалмайды. Кейін Әбу Ләһабқа әйелі қосылып,

екеуінің дұшпандығы айтарлықтай өрши түсті.

Күндердің күнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Әбу

Бәкір Қағбаның жанында сұхбаттасып отырғанда, Әбу

Ләһабтың әйелі, қолында кесек тасы бар, бұлардың жа-

нына келеді де, Әбу Бәкірге: «Қайда сенің досың? Мені

жамандайды екен ғой өзі? Айта бар, көрген жерімде

оңдырмаймын оны», – деп бұрылып кетіп қалады.

Сөйтсе, әйел көз алдындағы Аллаһ елшісін аңдамай

тұр екен. Бұл оқиға аятта

: «Сен Құран оқыған кез-

де ақиретке сенбейтіндер мен сенің араңа перде

қоямыз»

289

делініп, Пайғамбарымыздың имансыз адам-

дардан қорғалғаны мәлім етілген.

Әбу Жәһилден қорғалуы

. Пайғамбарымызға

(с.а.с.) өшіккендердің көш басында Әбу Жәһил тұрды.

Бір риуаятта Әбу Жәһил оның сәждеге барғанын

«Мұхаммед әлі жүзін топыраққа үйкеп жүр ме?» –

деп кекетіп: «Лат пен Уззаға ант етейін, енді соның

сәждеде жатқанын көрсем, басынан теуіп, топыраққа

өз қолыммен көміп тастаймын», – дейді. Айтқандай-ақ

бірде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз оқып тұрғанын

байқап қалады да, арам пиғылын іске асырмақ боп, ту

сыртынанжақындайтүседі.Біркездеқолыменәлденеден

қорғаншақтап, кері қарай қаша жөнеледі. Мұны көрген

жұрт түсінбей, не болғанын сұрайды. Үрейі ұшып, өңі

288

«Шуара» сүресі, 214.

289

«Исра» сүресі, 45.