Previous Page  214 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 214 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

214

83. Уахи періштесінің шынайы бейнесін

көрген бе?

Иә, Аллаһ расулы уахи періштесі Жәбірейілмен

(а.с.) әртүрлі уақыттарда кездескен, бірақ оныАллаһтың

жаратқан бейнесінде екі мәрте көрді. Бірінші рет уахи

келгенде, екінші мәрте миғражға көтерілгенде.

Алғаш рет уахи алғандағы көрген сәтін былай

әңгімелейді: «Жолда кетіп бара жатып көктен бір дау-

ыс естідім. Аспанға көз салғанда Хирадан маған төніп

тұрған періштені көрдім. Жер мен көктің арасын алып

тұрған тақтың үстінде отыр екен. Тізелерімнен жан

кетіп жерге сылқ етіп отыра кеттім. Сосын үйге келіп,

мені бүркеп жапшы», – дедім.

Бұл жайлы Құранда: ِ

وَلَقَدْ رَآهُ بِالُْفُقِ الْمُبِين

«

Расында ол, оны (Жәбірейілді) ашықкөкжиекте

көрді»

299

деп айтады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

Жәбірейілді Аллаһтың жаратқан бейнесінде көруі осы

бірінші мәрте Хира үңгірінен шыққанда болды. Кейбір

риуаяттар бойынша Жәбірейіл періштенің алты жүз

қанаты болғандығы айтылады.

Екінші рет Миғраждағы Сидратүл-Мүнтаһада

көрген. Бұл жайында Құранда:

وَلَقَدْ رَآهُ نَزْلَةً أُخْرَى عِندَ سِدْرَةِ الْمُنْتَهَى

«Расында, ол Жәбірейілді екінші рет көрді. Сидратүл-

Мүнтәһаның

жанында»

300

,

дейді.

«Сидратүл-

Мүнтаһа» көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойын-

ша аспанның жетінші қабатында. Аллаһтың жаратқан

299

«Тәкуир» сүресі, 81/23.

300

«Нәжім» сүресі, 53/13-14.