Previous Page  216 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

216

Біріншісі – мешіт тұрғызу.

Мешіт орны болып Пайғамбарымыз алғаш

Мәдинаға келген кезде, оның түйесі шөккен жер

белгіленді. Ол жер Нәжжарұлдарының елшісі Әсад

ибн Зүрараның қамқорлығындағы Сәхл мен Сүхәйл

деген екі жетім жігіттің жері болатын. Екі жігітті

Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) шақырып алып, жерді сату-

ларын сұрайды. Екі жігіт болса: «Уа, Аллаһтың елшісі!

Біз бұл жерді тегін береміз», – деп ақысыз беретіндігін

айтады. Алайда Расулаллаһ (с. ғ. с. ) хазірет Әбу Бәкірге

айтып, он динарға жерді сатып алады

302

. Бұл жерде ескі

үйлер мен бірнеше қабір бар екен. Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) бұйрығымен мешіт жерін тікен мен талдан та-

зартты, қабірдегі сүйектер алынып басқа жерге көмілді.

Мешіт құрылысына барлығы жұдырықтай жұмыла

қызмет етті. Біреулері кесек құйып, біреулері тас тасып,

ал біреулері қабырға қалап жатты. Мешіттің үстін қалай

жабамыз дегенде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсаның

көлеңкесі секілді етіп жабамыз, бұдан басқа да

маңызды шаруалар күтіп тұр», – деп, төбесін құрманың

жапырақтарымен жауып, еденіне құм араласқан уақ тас

төседі. Құрылыстың қиындығынан гөрі жамағаттың

ішкі тебіренісі басым болды. Көпшіліктің: «Уа, Аллаһ

тағалам, ақирет жұртынан артық мекенді білмейміз!

Ансарлар мен мұһажирлардың дінге жанашырлық

танытқанына өзің көмек бере гөр!

303

– деп дұғаны

өлеңдетіп, құдды мереке тойлап жатқандай әсер

қалдырды.

Бұл бір жағы жаңа бір мәдениеттің қалыптасуы еді.

Бірлік пен берекенің нышаны – мешіт. Мұсылмандар

үшін дүниелік істерден бір уақыт қол үзіп, бір сапқа

302

Бұхари 4/258; Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, 3\221 (13231).

303

Таялиси, Мүснәд, 1\277 (2085); Ибн Сағыд, Табақат, 1\240.