

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
221
(с.а.с.) оларды күтіп алып, дінді жеңіл түсіндіріп, қонақ
ететін. Кетерінде оларға сыйлық сыйлайтын.
Екінті намазы. Екінті намазының уақыты кіргенде,
Біләл зор даусымен азан айтып, барша мұсылмандарды
намазға шақыратын, барлығы Пайғамбарымызбен на-
маз оқитын. Намаз соңында ұзағынан зікір ететін,
өйткені бір хадисте:
«Түнде бір топ, күндіз бір топ
періштелер сіздермен бірге болады. Бұлар таң мен
екінті намаздарында өзара кезек алмасады. Аллаһ на-
маз оқыған пенделерін жақсы білсе де періштелерден:
«Сендер кеткенде, құлдарым не істеп жатқан еді?»
– деп сұрайды. Олар: «Олар намаз оқып жатқанда
кеттік және біз барғанда да олар намаз оқып тұрған
болатын»
306
деп жауап береді делінген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте қарапайым өмір
сүргендіктенүйдіңкейбір істерінөзі істейтін, әйелдеріне
жәрдем беретін. Жағдай сұрап, мұң-мұқтажын тыңдап,
көмектесетін.
Ақшам намазы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн бат-
пай тұрып ақшам намазын күтетін. Намаз уақыты
кірісімен азан айтылып, қамат түсіріліп, сахабала-
рымен бірге парыз намазды, сосын сүннетін оқитын.
Одан қала берді, әууәбин намазын оқып, басқаларды
да осы намазды оқуға қызықтыратын. Намаздан кейін
қай әйелінің үйіне бару керек болса, соның үйіне ба-
рып, барлық жұбайы сол жерге жиналып, отбасы болып
сұхбат құратын. Осы негізде әйелдері, діни үкімдерді
үйреніп, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор үлестерін қосты.
Құптан намазы. Құптан намазынан кейін аса
маңыздыістуындамаса,боссөйлесудіжанықаламайтын,
306
Бұхари, Мауақитус-саләт 555.