Previous Page  226 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

226

тәуекел етуді естен шығармау керектігін өзінің сүннет

жолымен үйреткен.

90. Елшілер мен қонақтарды қалай

күтіп алатын?

Жоғарыдағы тақырыптардың бірінде айтылғандай,

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзге елдермен байланысы

Мәдинаға келгеннен кейін басталған.Мекке алынғаннан

кейін алыс-жақын шет елдермен қарым-қатынас қарқын

ала бастады. Жер-жердегі түрлі наным-сенім өкілдеріне

құрметпен қарап, оларға да Хақтан келген хабарларды

жеткізіп, өзінің пайғамбар екенін дәріптеген. Алы-

стан ат арытып жеткен елшілер мен қонақтарды мешіт

ауласындағы шатырлар мен сахабалардың үйінде қонақ

қылатын. Сахабалар меймандарға ерекше құрмет таны-

тып, Исламның жақсы қасиеттерін көрсеткен.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қонақтармен жақынырақ

танысып, әңгіме-дүкен құратын. Тәуір киімдерін киіп,

сахабаларына да соны тапсыратын. Егер келе жатқан

кісі күн бұрыннан белгілі болса, сахабалармен жина-

лып олардың жақсы жақтарын сөз қылып хүснизан

314

ететін. Таяғымен келгенге тай мінгізіп, аяғымен кел-

генге шапан жапқан өте қонақжай еді. Бірде келген

қонақтардың астына киіп жүрген жалғыз шапанын

төсеп күткенін бүгінгі күні тарих беттерінен танып

отырмыз. Елшілерді жанына шақырып, елдерінің

жақсы жақтарын тілге тиек ететін. Кейбірін үйіне ар-

найы шақырып, шығарып саларда құр қол жібермеуші

еді. Алып келген сыйлықтан бас тартпай қабыл алатын.

Бұған оның ерекше мән бергені секілді, өмірінің соңғы

жылдарында сахабаларға да

«Елшілерге сендер де

314

Адамдар туралы жақсы ойлау.