

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
227
сыйлық беріңдер»
315
деп өсиет еткен. Мұның сүннетте
айтарлықтай орны бар.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қонақтары төртке
бөлінді. Алғашқысы – жаңадан келген, Исламның жы-
луын көрмеген адамдар. Исламды оларға жақсылап
таныстырып, дұрыстап күтпесе, өле-өлгенше дінімізді
сол таныған күйі қабылдар еді. Ал олар тегін кісілер
емес, әрқайсысы бір елдің атынан келген атқамінерлер
еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға ерекше
құрмет көрсеткен.
Екінші топ – мұсылмандармен бұрыннан үлкен
сыйластық орнатқан, бірақ өздері Исламды енді
қабылдап жатқан тайпалар мен елдер еді. Бұлар
Исламға сенетін, достығы орныққан бауыр басқан
адамдар. Ендігі жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) арадағы
достықтың сүйегіне таңба түсірмеуді ойлайтын.
Үшіншісі, бір келетін қонақтар, алыстан ат ары-
тып келетін ресми тұлғалар еді. Ислам мемлекеті
танылғалы көрші елдер дипломатиялық қарым-қатынас
орнату үшін өз елшілерін жіберетін. Бұлар дүниеге де-
ген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, ұстанған бағыты
мен саясаты бар, белгілі бір мүддені көздеп келген
адамдар болушы еді. Жай кетпей сынай кететіні тағы
бар. Бұларға Ислам туралы жақсы пікірмен кетсін, ке-
лешекте бұлар да Аллаһтың хақ дінінен бақыт тапсын
деп сый көрсетіп бағатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ахлағы мен болмыс-бітімі әһл-кітапқа кеңінен таныс.
Келетіндердіңтөртіншібіртобысоңғыпайғамбардың
шын-өтірігін тексеруді мақсат етіп келетін яһуди мен
христиан халқы еді. Олар кітаптарында айтылған
пайғамбарды өз көзімен көру үшін келетін. Көбісі
мақтаулы пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) көре
315
Бұхари, Жиһад 176-177.