

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
223
Ұйқыға жатқанда, әрдайым оң қырымен жатып, оң
қолын жастанатын. Анда-санда төсекте жатқаны бол-
маса, көбіне кепкен тері үстінде, қамыстан жасалған
төсеніште, топырақ үстінде ұйықтайтын.
Түнгі құлшылыққа ерекше мән беретін. Аяғы
іскенге дейін намаз оқитын. Тәһәжжүдте «Бақара»,
«Әли Имран», «Ниса» сияқты ұзын сүрелерді оқушы
еді.
Жатарда дәрет алатын суымен мисуағын бас жағына
дайындап қойып, оянғанда алдымен тісін тазалайтын.
87. Астан кейін дұға оқитын ба еді?
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр тамақтан кейін дұға
жасаған-жасамағаны жайлы қолымызда ешқандай
мәлімет жоқ. Бізге мәлім, тамақты Аллаһтың атымен
бастап, тамақ үстінде мұның бәрін беруші Аллаһты
есіне алып, соңында шүкіршілік етіп мадақ айтатын
болған. Ал дұғасы бұлардан тыс орындалатын. Біздің
қазір оқып жүрген дастарқан дұғасы, әрине, сол кісіден
үйренгеніміз. Бірде біреу ауызашарға шақырып, ас
соңынан бата сұрайды. Сонда Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) оқыған дұғасы:
«Асыңды ізгі адамдар ішсін, ора-
за ұстағандар сендермен бірге ауыз ашсын, періштелер
дұға етсін, Аллаһ тағала өздеріңді мақтан етсін»
.
Тағы бір жерде:
«Аллаһ тағалам, бұлардың үйіне бе-
реке бер, кешірім ет, бұларға мейірім таныта гөр
»,
– деген. Енді бірде: «
Бізге ішкізіп-жегізген Аллаһқа
мадақ
», – деп шүкіршілік еткен. «
Ешқандай еңбек та-
лап етпей тойдырған Аллаһқа шүкір
» деген тағы бір
дұғасы болған.
Бұл жерден шығатын қорытынды, Аллаһ елшісі
(с.а.с.)дастарқанбасындаәрдайымдұғажасамағанымен,
әр жолы әртүрлі дұға еткен. Мұсылмандар осындай