

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
219
86. Бір күндік уақытын қалай реттеген?
Бір адамды тану үшін 24 сағаттан тұратын бір
күнін білу жеткіліксіз. Ал егер ол өзіне Аллаһтан уахи
түсетін, барша адамзатқа дінді жеткізу міндеті, отбасы
тәрбиесі бар, түрлі сұрақтарға жауап беріп, көпшілік
қамында жүрген пайғамбар болса, онда бір күн емес
бүкіл өміріне үңілу керек, өйткені оның бір күні екінші
бір күніне еш ұқсамайтын. Өзі де: «
Екі күнін бірдей
өткізген кісі зиянға ұшырауда
», – деп, мұсылмандарды
жалқаулықтан тыйған. Алайда Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) әрбір күні не істегендігі нақты дерек көздерінде
жазылмағандықтан, жалпылама айтуға тәуекел еттік.
Оның алтын ғасырында уақыттың көпшілігі мешіт
төңірегінде өткендіктен, намаздың бес уақытқа
бөлінгені секілді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір күнін
бес уақытқа бөлдік.
Таң намазы. Күндік тіршілікті таң намазын оқумен
бастайтын. Бірде Үммі Мәктум азан шақырды. Таң
намазының сүннетін оқып, мешітке келді. Мешітке
үзір себебінен келе алмайтындардан басқа барлық са-
хабалар жиналып, Пайғамбарымызбен (с.а.с.) намаз
оқитын. Әдетте, таң намазын оқып болғаннан кейін
жайнамаздың үстінде күн толық шыққанға дейін
тізерлеп отыратын. Айнала қоршаған сахабаларына
иман, Ислам жайлы насихат айтып, сұрақтарына жауап
беріп, бірталай мәселелерді талқыға салатын. Осылай-
ша кейбір деректерде он жылдай таң намазынан кейінгі
сұхбат жасағаны айтылады. Осы таңғы уағыз арқылы
сахабаларға дінді түп-тұқиянына дейін үйрете білген.
Жақсы түс көргендердің түсін жорып беретін. Кейде өзі
көрген түсін айтатын.
Күн найза бойы көтерілгенде кейде төрт, кейде
сегіз рәкат дұха намазын оқитын. Таң намазынан ба-