Previous Page  217 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 217 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

217

тұрып құлшылық қылу – бірлікке шақыратын бірінші

іс. Ғибадат үшін бір жерге жиналмай, әрқайсысы

өзінше намаз оқып үйіне қайтса, әділет пен теңдік сипа-

ты өзімшілдік пен жеке басының қамын ойлаудан асып

кете алмайды, бірлік рухы болмайды.

Екіншісі – мұсылмандарды бір-біріне бауыр

ету.

Ислам дінінде бауыр болу, бір туғаннан да артық.

Дін жолында бауыр болғандарды дүние де, мансап-

дәреже де бұза алмайды, өйткені дәреже тақуалықпен

ғана өлшенеді. Негізінде, қандай да бір мемлекет

алға басуы үшін бірлік пен халықтың бір-біріне де-

ген бауырмашылдығы керек. Араларында шын

бауырмашылдық, жанашырлық болмаған қоғам бір

ұстанымды қазық етіп бірігуі мүмкін емес. Сол себепті

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларын бір-бірімен ба-

уыр етті. Мысалы, Сағд ибн Рабиғ мен Абдуррахман

ибн Ауфты бауыр етті. Сағд ибн Рабиғ өзінің үйі мен

мал-мүлкінің жартысын, тіпті қос әйелінің қалағанын

Абдуррахманға ұсынды, бірақ байыпты сахаба оған

алғысын білдіріп, сауда жолын көрсетуді өтінді.

Негізінде, мұсылмандарды бір-біріне бауыр ету үрдісі

алғаш Меккеде тек мұһажирлер арасында, екінші рет

Мәдинада мұһажирлер мен ансарлар арасында жүзеге

асты

304

.

Үшіншісі – мемлекет заңдарын құру.

Мәдина халқының этникалық әрі діни сенім

ерекшеліктерін ескере отырып, бейбіт әрі ортақ өмір

сүруді қалыптастыру маңызды еді, өйткені ол кез-

де Мәдинаның халқы он мың шамасында болатын.

Олардың мың бес жүздейі мұсылмандар, төрт мыңға

304

Фатхүл Бари 7/191.