

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
212
кесірін тигізе алмады, өйткені Аллаһтың қорғауында
еді.
82. Көп жерлерде періштелерден көмек
алғаны айтылады. Бұл құбылыс қалай
жүзеге асқан?
Ұлы Аллаһтың жаратқан мақұлығының көптігіне
сан жетпейді. Солардың бірі – Жасаған Иеміздің сөзін
екі етпейтін пәк періштелері. Олардың кейбірінің
міндеттері адам баласына, оның ішінде пайғамбарларға
көмектесу болған. Періштелер Пайғамбарымызға
(с.а.с.) Бәдір, Хандақ, Хүнәйін соғыстарында қол ұшын
бергенін Құран баян етеді.
Бәдір соғысында мүшріктер мыңның үстінде болса,
мұсылмандардың саны бес жүз шамасында еді
292
. Соғыс
әне-міне басталады деген кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
екі жаққа кезек көз тастап тұрып, құбылаға қарап қол
жайып:
«Уа, Жаратушы Жаббар ием, Сенің маған бер-
ген уәдең бар. Мына ат төбеліндей аз ғана иман еткен-
дер қырылып қалса, жер бетінде Саған ғибадат етер
ешкім де қалмайды
», – деп дұға етеді. Артынша мына
аяттар түсті: «
Сол
кезде сендер Раббыларыңнан
көмек сұраған едіңдер. Ол сендерге бірінен кейін
бірі келетін періште жіберіп көмектесемін деп,
дұғаларыңды қабыл алды...
»
293
және бір аятта: «
Сол
кезде (Бәдірде) сен мүминдерге: «Раббымыздың үш
мың періште түсіріп көмектескені сендерге жет-
пей ме?» – деген едің. Иә, егер сендер сабыр етіп,
тақуалық танытсаңдар, олар тұтқиылдан шабуыл
292
Кейбір риуаяттарда олардың саны 314 адам және 70 жуық
түйе болған.
293
«Әнфал» сүресі.