Previous Page  209 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 209 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

209

сұрланып кеткен Әбу Жәһил: «Мұхаммедке жақындай

бергенім сол еді, алдымнан жалыны көкке шапшыған

от, түрі қорқынышты қанатты бірдеңелер пайда болды»,

– дейді. Аллаһ елшісі бұл туралы:

«Сол күні Әбу Жәһил

маған жақындай түскенде періштелер оның қолын қол,

бұтын бұт қылып бөлшектеп тастайтын еді»

деген.

Осы сынды басқа да қастықтардан тікелей Аллаһтың

көмегімен аман қалып отырған. Әбу Жәһилден басқа

Ұқба ибн Әбу Муайт, Надр ибн Харис деген кәпірлер де

өлтіруге тырысты, бірақ неше жерден қаныпезер болса

да айла асыра алмасы белгілі емес пе?

Мәдинаға һижрет еткенде дұшпандарының

оны көрмей қалуы.

Расулаллаһ (с.а.с.) сахабаларына Меккеден

Мәдинаға көшуге рұқсат беріп, өзі бірнеше күн осын-

да аялдап қалды. Мұны естіген мүшріктер дереу бір-

біріне хабар жіберіп, қайтсе де сол түннен қалдырмай

өлтірмекке бел буады. Мәдинаға барып, күндердің

күнінде күшейіп өш алады деп қауіптенгендіктен, қас

қарая Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйінің жанына қару

асынған бірнеше адамын жұмсайды. Ғаламның рақым

нұрыесіктіашыпсыртқабеттегендебәрібірдейтусырты-

нан тап бермек. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Алиді (с.а.с.) өзінің

төсегіне жатқызып, үйінен шығады. Табалдырықтан ат-

тар-аттамас жерден бір уыс топырақ алды да, күзетші

қаныпезерлерге шашып жіберіп, «Йасин» сүресіндегі

«Біз олардың алдарына және арттарына бір-бір

перде тараттық. Олар сені көрмейді»

деген

аят-

ты оқыды. Екі көзі төрт боп түні бойы пайғамбардың

үйін торуылдағандардың бірде-біреуі оны көре алма-

ды. Аллаһтың құдіретімен әлгі кәпірлердің көзі байла-

нып, қара басып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шыққанын