

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
205
80. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) кездесерде
садақа беру керектігі жайлы аят бар ма?
Пайғамбарымызға (с.а.с.) Исламды толық жеткізу
ісі міндеттелген. Мұны ол бір сәтке де есінен шығарған
емес. Сахабалар кез келген уақытта кез келген сұрағын
сұрап, тұшымды жауап ала алатын, бірақ кейбіреулер
мағынасыз сауал да қоятын. Осыған орай Аллаһ тағала
елшісіне деген мейірімімен оны жұрттың орынсыз ма-
заламауы үшін мына аятты түсірген:
«Әй, иман еткен-
дер, егер пайғамбармен оңаша сөйлеспек болсаңдар,
алдымен (жоқ-жітікке) садақа беріңдер. Бұл өздерің
үшін қайырлы әрі күнәларыңнан арылу үшін
мүмкіндік...»
286
Ибн Аббас бұл аяттың түсу себебін былай баяндай-
ды: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалармен сұхбаттасып
отырғанда, кейбір мұсылмандар жанына келіп сыбыр-
лап маңызды болсын-болмасын кейбір мәселелерді сөз
ететін. Олар бұны өзін көрсету мақсатында істейтін.
Уақыт өте келе бұлай істеу көбейе бастады. Алайда
Пайғамбарға (с.а.с.) бұл ұнамады. Аллаһ тағала мұны
тоқтату үшін осы аятты түсірді», – дейді. Ал Зәйд
ибн Әсләм былай түсіндіреді: «Аллаһ елшісі өзімен
сөйлескісі кез келген кісіні қабылдайтын, ешкімді кері
қайтармайтын, бірақ кейбіреулер болмашы нәрселерді
де жеке жолығып, сұрайтын болды. Сол уақытта
Мәдинаға түрлі араб елдерінен қауіп төніп тұрған. Бір
сахаба келіп, Пайғамбарымызбен сыбырлап сөйлесіп
кетеді. Жанындағы сахабалар бұл кісінің не айтқанына
алаңдайды. Сол медет шайтан кей кісілерге: «Мына
адам, пәленше деген қауымның Мәдинаға шабуыл жа-
сайтынын хабарлады» деген күмәнді ой салады. Бұл ой
286
«Мужәдәлә» сүресі, 1-13.